From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызылтұмсық шауқарға, тауқарға (лат. Pyrrhocorax pyrrhocorax) – торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларындағы жартастар арасын мекендейді, қысқа қарай өзен аңғарларына ойысады. Тұрқы 40 см, салм. 220 – 290 г, қауырсыны жылтыр, шымқай қара түсті.
Қызылтұмсық шауқарға | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
P. p. barbarus
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Pyrrhocorax pyrrhocorax Линней, 1758 | ||||||||||||||
Шамамен көрсетілген ареалы
|
Ересектері қызғылттау, имек тұмсықты, бұл олардың айқын белгілерінің бірі болып есептеледі. Балапандарының тұмсығы сары түсті. Отырықшы құс. Сәуір – мамыр айында жартас жарығын ұялап, 4 – 6 шұбар жұмыртқа салады. Оларды мекиені 18 күндей басып, балапан шығарады. Балапандарын мекиені мен қоразы ұяда 38 – 40 күндей, ұядан ұшқаннан кейін де ұзақ уақыт бойы бірлесіп асырайды. Өсімдік тұқымымен, жәндіктермен және тұт ағашының жидегімен қоректенеді. Тауқарға ағаш тұқымын айналаға таратып, пайда келтіреді.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.