From Wikipedia, the free encyclopedia
Сейіт Асқарұлы Қасқабасов (24 маусым, 1940 жылы Семейде туған) — әдебиеттану, фольклоршы ғалым. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Сейіт Асқарұлы Қасқабасов | ||||||
Туған күні | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | ||||||
Азаматтығы | ||||||
Ғылыми аясы | ||||||
Жұмыс орны |
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі | |||||
Ғылыми дәрежесі |
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі Филология ғылымдарының докторы, профессор | |||||
Альма-матер | ||||||
Марапаттары |
|
1957 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы N912 қазақ орта мектебін, 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын үздік тамамдаған. 1967 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иснтитутының аспирантурасын бітірген. 1969 жылы «Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
«Казахская волшебная сказка» (1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искусства» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская несказочная проза» (1992), «Абай және фольклор» (1995), «Золотая жила» (2000), «Жаназық» (2002), «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары» (2003), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (2005), «О фольклоре и не только» (2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса зерттеу жұмыстарының авторы.
Бүгінде ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Әуезовтен бата алған студент Мұрағатталған 7 шілденің 2020 жылы. — Жас Алаш, 18.06.2020
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.