From Wikipedia, the free encyclopedia
Қаржы жылы – бюджет, смета, кіріс пен шығыс теңгерімі нысанында жасалып, бекітілген қаржы жоспарлары қолданыста болып, атқарылатын кезең. Бұл кезең бюджеттік жыл күнтізбелік жылмен сәйкес келмегенде пайдаланылады. Қаржы жылы 12 айға тең, оның басталуы мен аяқталуы қаржы және бюджеттік заңнамада көрсетіледі (кейбір елдерде ол 1 шілдеден немесе 1 қазаннан басталады). Оның қолданылу мерзімінің белгіленуіне нақты елде тарихи қалыптасқан дәстүрлер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған саясаты да ықпал етеді. Қаржы жылының көрсеткіштері қаржылық-бюджеттік жоспарлау үдерісінде негізге алынатын болса, ол базалық жыл деп есептеледі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.