ЖОСПАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ From Wikipedia, the free encyclopedia
Жоспар, экономикада– мақсаты‚ мазмұны‚ көлемі‚ әдістері мен құралдары‚ орындалу мерзімі көрсетіліп‚ нақты кезеңге межеленген шараларды жүзеге асырудың белгіленген тәртібі мен реті. Жоспар мемлекет ауқымда, жеке өндірістік салалар, аймақтар, кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде жасалады. Оның болашақтық жоспар (ұзақ мерзімге арналғаны 10 – 15 жылға, орташа мерзімге арналғаны 3 – 5 жылға лайықталған), ағымдағы жоспар (1 жылдық), директивалық жоспар (орындалуы қатаң бақылауға алынатын) және индикативті жоспар (болжамға ұқсас ұсыныс, тапсырыс) деп аталатын түрлері бар. Жеке кәсіпорындар, фирмалар деңгейіндегі жоспар болжамдық көрсеткіштер мен оған жетудің нақты шаралары көрсетілетін бизнес-жоспар, қысқа мерзімдік жедел бағдарламалар түрінде әзірленеді. Қазақстанда мемлекет ауқымда индикативті жоспар қолданылады. Онда, негізінен, елдегі өндіріс пен тұтыну қарқыны, олардың көлемі мен құрылымы, баға, экспорт пен импорт, инвестиция көздері, экон. ынталандыру жүйелері, салық мөлшері, т.б. бойынша белгіленген нәтижелерге қол жеткізу көзделеді; қысқаша Жоспарлау.[1] [2]
Жоспарлы көрсеткіштер - жоспарлы кезеңге жеке кітапхананың немесе кітапхана ісінің кызметін дамыту жөніндегі тапсырманың сандық көрінісі Жоспарланған процестің барлык жақтарын білдіреді: кітапхана ко- рының көлемі мен орналасуы, кі- тапханалық кызмет көрсегудін нәтижелері, каржыны пайдаланудың тиімділігі және т.б.[3]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.