From Wikipedia, the free encyclopedia
Қара бозторғай (лат. Melanocorypha yeltoniensis) – торғайтәрізділер отряды бозторғай тұқымдасына жататын құс.
Қара бозторғай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Melanocorypha yeltoniensis (Forster, 1768) |
Қазақстанның жусанды-бозды далалы алқаптарында кездеседі. Қара бозторғай торғайдан ірі, оның тұрқы 20 см, қанатының өрісі 14 см, құйрығының ұзындығы 8 см, салмағы 60 г. Мекиенінің реңі өзге бозторғайларға ұқсас болады, ал қоразы жазда – қара, қыста жотасы бозғылттанып, қара түс бауырында ғана сақталады. Оның сирағы да қара түсті, ал тұмсығы сарғыштау болып келеді. Бұлар жазда жұптасып жүреді де, ұя салмаған кезде топтасып ұшады. Жерде жорғалап жылдам жүре алады, ұзақ шырылдап, тез ұшады. Қара бозторғайлар жазда және күзде өсімдік тұқымдарымен, ал көктемде шекшектерді, шегірткелерді, қоңыздарды қорек етеді. Астық тұқымдастарының дәнін де теріп жейді. Су маңындағы жерді шұңқырлап, ұя жасайды. Кейде қазылған шұңқырларды да ұяға пайдаланады. Сәуірдің ортасынан бастап мекиені ұясына 5 – 6 жұмыртқа салып, 15 – 16 күн шайқап, балапан шығарады. Балапандарын қоразы мен мекиені бірігіп қоректендіреді. Қара бозторғайлар жаз айында 2 рет балапан өргізеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.