From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарақалпақстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (бастапқыда Қарақалпақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы) — 1932–1936-шы жылдары РКФСР құрамында, 1936–1990-шы жылдары Өзбек КСР құрамында болған КСРО-дағы автономиялық республика, 1990–1992-ші жылдары КСРО-ның құрамында болды. 1992-ші жылы Қарақалпақстан Республикасы болып өзгертілді. Астанасы – Нүкіс қаласы.
Қарақалпақстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы қарақ. Қарақалпақстан АССР өзб. Қорақалпоғистон АССР Автономиялы республика | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Астанасы | Төрткөл (1933 дейін) Нүкіс | ||||||||
Кіреді | РКФСР→ Өзбек КСР | ||||||||
Аумағы | 165 000 км² | ||||||||
← Қарақалпақ автономиялы облысы Қарақалпақстан → |
Қарақалпақстан Қызылқұмның солтүстік-батыс бөлігінде Үстірттің оңтүстік-шығыс жағы мен Амударияның сағасын ала жайласқан. Арал теңізінің оңтүстік бөлігі Қарақалпал территориясында. Жері негізінен жазық; тек оңтүстік-шығыс жағы ғана дөңестеу, Амударияның сағасы батпақты, көлді, тоғайлы-бұталы келеді. Пайдалы қазындылары: ас және глаубер тұздары, құрылыс материалдары.
Қарақалпақ жерін адам баласы неолит дәуірінде (б.з.б. 4 мың жылдықтың аяғы – 2 мың жылдықтың басы) мекендей бастаған.[1] Б.з.б. 2-мың жылдықтың аяғында мұнда суармалы егіншілік пайда болады. Қой Қырылған Қала діни құрылыстарын қазғанда Өзбекстан жеріндегі ең ертедегі жазба ескерткіштер табылды (б.з.б. IV ғ.). Топырақ Қала сарайы (III ғ. – IV ғасырдың басы) – кейінгі антика дәуірінің үздік ескерткіші. Қарақалпақ халқының этногенезі Сырдарияның сағасы мен Арал жағалауы даласын мекендеген тайпаларға тығыз байланысты. Қарақалпақтардың көпшілігі XVII ғасырда және XVIII ғасырдың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеген. Олар жартылай көшпелі болған, мал шаруашылығын, егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен. Елдің билігі ру басы феодалдардың, ислам діні басшыларының қолында болды. Қарақалпақтар қазақтың Кіші жүз хандарына тәуелді болды. Көрші тайпалардың тынымсыз шабуылына ұшыраған қарақалпақтар 1742 ж. Орынбор мен Петербургке өз өкілдерін жіберіп, Орыс мемлекетінің қарамағына кіруді өтінді. Орыс үкіметі олардың тілегін қабыл алды. Сол үшін 1743 ж. қазақ ханы Әбілхайыр қарақалпаққа жорық жасады. Осының нәтижесінде қарақалпақтардың көпшілігі XVIII ғасырдың II-жартысына таман Сырдарияны тастап, оның батыс атырауына құятын Жаңа дария бойына қарай ойысты. XVIII ғасырдың аяғында Хиуа хандарының жорықтары күшейді. Олар 1811 ж. Қарақалпақтарды жаулап алып, Амударияның сағасына көшірумен тынды. Қарақалпақтар аз уақыттың ішінде Хиуа хандығында бірнеше егіншілік аудандарын жасады.
1913 ж. 21 төсектік 2 аурухана, 3 фельдшерлік пункт, 3 дәрігер, 3 фельдшер болған. Олар негізінен әскери бөлімшелерді қамтыды. 1972 ж. республикада 7, 6 мың төсектік (1000 адамға 10 төсек) 96 аурухана, 138 амбулатория мен поликлинника, 67 әйелдер және балалар консультациясы, 351 фельдшерлік пункт болды. 1,2 мың дәрігер (607 адамға 1 дәрігер), 5 мың орта білімді медициналық қызметкерлері жұмыс істеді. Республикада безгекке қарсы жүргізілген шаралар нәтижесінде бұл ауру толығымен дерлік жойылған. Өкпе ауруы туберкулезін емдейтін 4 санаторий және Арал теңізі жағасында (Мойнақ қаласында) демалыс үйі бар.
1914/15 оқу жылында Қарақалпақтарда 200 оқушысы бар 4 жалпы білім беретін мектеп болды. 1971/72 оқу жылында 729 жалпы білім беретін мектептерде 200 мыңнан астам оқушысы, 16 арнаулы оқу орындары 10 мыңға жуық оқушысы, Нүкістегі педагогика институтында 5 мыңнан астам студент оқыды. 1971 ж, мектепке дейінгі мекемелерде 15 мыңдай балалар тәрбиеленді. 1972 ж. 1 қаңтарда Қарақалпақтарда 405 кітапхана (2 млн данаға жуық кітап, журналдар), 236 клубтық мекемелер мен 279 киноқондырғы, Тарих-өлкетану және өнер музейі болды.[2]
Қарақалпақта 16 газет, 4 журнал басылымдары шығады (1971). Республика газеттері: қарақалпақ тілінде «Совет Қарақалпақстаны» (1924 жылдан), «Жас Ленинші» (1931 жылдан), «Жеткіншек» (1932 жылдан), орыс тілінде «Советская Каракалпакия» (1919 жылдан). Әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналы - «Эмудэрья» (1932 жылдан). Республика радиохабары мен телевизиясы хабарды қарақалпақ, өзбек, түрікмен және орыс тілдерінде 2 радио және телепрограммалар бойынша жүргізеді. Мәскеу, Ташкент телепрограммалары қабылдайды. Телеорталық – Нүкіс қаласында.
Қарақалпақстан өнерінің ежелгі ескерткіштері (Қабатқала қазбасынан шыққан қыш ыдыстардың қалдықтары) б.з.б. 4 ғасырға саяды. Қарақалпақстанның Жаңадария өзені бойына қоныстану дәуірінен (18 ғасырдың 2-жартысы) көптеген суландыру жүйелерінің (плотиналар, тоғандар), құлаған үйлердің қалдықтары сақталған. Қарақалпақстанның негізгі тұрғын-жайы – киіз үй мен кесектен салынған баспаналар болған. Қарақалпақстан жерінде эллинистік Хорезм ескерткіштері: Топырақ қала, Гяур қала және т.б. кездеседі. Қазіргі кезде Нүкіс, Бируни секіді қалалар мен көптеген қ.т. поселкелер өсіп келеді. Қарақалпақстанда ағаш өңдеу, үй жиһаздарын шұғамен, піл сүйегімен әшекейлеу, кілем, мата тоқу, кесте тігу істері ежелден дамыған. Қарақалпақстанда қол өнері мен зергерлік өнері жақсы өркендеген. 1930 жылдан қондырғылы кескіндеме дамуда. Мүсіншілер: Ж.Құттымұратов, Д.Төрениязов; кескіндемешілері: Ж.Беканов, Б.Серекеев, А.Құрбанбаев; график-суретшілері: К.Бердімұратов, К.Нәжімов; театр суретшілері: Б.Д.Каменев, К.Сайыпов.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.