From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарасу (қыр. Кара-Суу) — Тәңір тауында, Қырғызстанның тау үйінді көлі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған. Теңіз деңгейінен биіктігі 2022 (1998) метр. Ферғана жотасына жатады. Жалалабат облысы, Тоқтағұл ауданында, Тақталық (солтүстік-шығысында) және Кеңкөл (оңтүстік-батысында) жоталарының арасында орналасқан. 2303 метр биіктікте орналасқан Қапқатас көліне қосылады. Көлге Шібе өзені құяды. Көлден Қаракөлде Нарынға құятын Нарынның (Сырдария алабының) сол жақ саласы аттас өзен ағып шығады. Көл Қаракөлден 60 шақырым жерде орналасқан[1].
Қарасу қыр. Кара-Суу | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 2022 м |
Өлшемі | 6,6 × 1,3 км |
Ауданы | 4,2 км² |
Көлемі | 0,223 км³ |
Орналасуы | |
41°33′26″ с. е. 73°15′25″ ш. б.41.5573° с. е. 73.2569° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қырғызстан |
Аймақ | Жалалабат облысы |
Аудан | Тоқтағұл ауданы |
Қарасу Ортаққорда |
Әсем көлдің жағасында құрылысы 1962 жылы басталған Тоқтағұл су электр станциясының құрылысшылары мен операторларына арналған демалыс үйі салынған болатын[2].
Қарасу мен Қапқатас көлдері жер сілкінісі кезінде үйінділерден пайда болды[3][4].
Қарасу көлі балық шаруашылығында маңызды[5].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.