From Wikipedia, the free encyclopedia
Қапшағай бөгені — Іле өзені бойында, Алматы облысы Қонаев қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 жылы басталды.
Қапшағай су қоймасы | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 475 м |
Ұзындығы | 187 км |
Ені | 23 км |
Ауданы | 1 847 км² |
Көлемі | 28 км³ |
Жағалық сызықтың ұзындығы | 430 км |
Ең терең жері | 45 м |
Орташа тереңдігі | 15 м |
Сипаттамасы | |
Толтырылған жылы | 1970 |
Су алабы | |
Су жинайтын орынның аумағы | 113 мың км² |
Құйылатын су ағындары | Іле, Шілік, Түрген, Есік, Кіші Алматы, Қаскелең |
Шығатын су ағыны | Іле |
Орналасуы | |
43°49′00″ с. е. 77°29′00″ ш. б.43.81667° с. е. 77.48333° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Қапшағай су қоймасы Ортаққорда |
Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км³. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б.) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қонаев қаласының кәсіпорындары пайдаланады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.