From Wikipedia, the free encyclopedia
Үй тышқаны, қаптесер (лат. Mus musculus) - тышқан туыстасына жататын сүтқоректі жануар.
Үй тышқаны | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Mus musculus Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||||||
|
Дене ұзындығы 11 см дейін, салмағы 12 – 25 г; құйрығы қысқа. Арқа түгі қоңыр немесе сарғыш сұр, құрсағы сұр немесе ақшыл, кейде сарғыш түсті болады.
Тұрғын үйлерде, салынып жатқан құрылыстарда мекендейді, егістік алқаптарда, далалық жерлерде тіршілік етеді[2].
Дүние жүзінде кең таралған. Шыққан ареалы, Солтүстік Африка, Еуразияның тропиктері мен субтропиктері; адаммен бірге, жоғарғы таулы аймақтар мен белдеулерден басқа барлық жерлерге тараған. Қазақстанда биік таулардан басқа барлық жерде кездеседі. 15 түр тармағы, (кейде оларды 2 түрге жатқызады) ТМД-да, барлық жерде тараған Соңғы он жылдықта Солтүстік және Шығыс Сібірді, ал Африкада тропикалық аймақтарға таралуда. Далалы аймақтан солтүстікке қарай адамдар мекенінде кездеседі. Қатал иерархияға бағынған жанұямен тіршілік етеді. Түнде және ымыртта белсенді.
Табиғи жағдайда өсімдік дәнімен қоректенеді; үйде - талғамсыз қоректілер. Жылына бірнеше рет көбейеді, ұрпақтарының саны 5-7. Бір қатар инфекциялық аурулардың тасымалдаушылары болып саналады. Туляремия, оба қоздырғышын, гельминт, кепе, т.б. паразиттерді таратады. Зертханалық жануарлар, (әсіресе ақ үй тышқаны, альбинос). Кей жағдайда генетикалық тәжірибелер жасауға пайдаланады.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.