From Wikipedia, the free encyclopedia
Қандыағаш ұрысы -1738 жылы қазақ қосындары мен Жұрын бастаған торғауыт қалмақтарының, арасында болған ұрыс.
Шақшақ Жәнібектің үлкен ұлы Түктібайды үйлендіріп, ұлан-асыр той жасау сәтін пайдаланған торғауыттар Жем мен Сағыз бойындағы қазақ ауылдарын шауып, қырғынға .ұшыратқан. Сонда тама Есет Көкіұлы, табын Бөкенбай Батыр, шақшақ Жәнібек жігіттерімен жауды қуып жетіп, сұрапыл шайқас жүргізеді. Содан бастап бұл жер Қандыағаш атанған. Үш батыр торғауыттардың алға жіберген қолын Астрахан қаласына дейін қуып барып, генерал-губернатор В.Н.Татищевке өтініш айтқан. Қарақшылық шабуыл жасаған Еділ бойы қалмақтарын жазалау үшін Ресей жерінің үстімен ішке өтуге рұқсат сұраған. Бірақ губернатор қазақ батырларының Еділден өтуіне рұқсат бермей, тартқан сыйлықтарын қабылдамаған. Сол Қандыағаш ұрысында қолға түскен қалмақтардың әскербасы Жұрын кейін Есет батырға адал қызмет етіп, оның тұтқында із-түссіз кеткен ұлының орнына ұл болған. Батыс Қазақстан темір жолы бойындағы қазіргі Жұрын станциясы соның есімімен аталған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.