From Wikipedia, the free encyclopedia
АФК Қайрат - Алматы қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы. УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы (2013, 2015), Әлем Суперкубогы (2014), 17 рет Қазақстан Кубыгы, 18 дүркін Қазақстан Чемпионы.
Қайрат АФК | |||
Толық атауы |
Қайрат Алматы футзал клубы | ||
Құрылған жылы | 1995 | ||
---|---|---|---|
Стадионы | "Қайрат" спорт комплексі, Алматы, Қазақстан | ||
Иесі | Қайрат Оразбеков | ||
Президенті | Қайрат Оразбеков | ||
Жаттықтырушы | Кака | ||
Капитаны | Игита | ||
Сайты | https://www.afckairat.kz/ | ||
Жарыс | Мини-футболдан Қазақстан чемпионаты | ||
2022-2023 | чемпион | ||
| |||
2022-2023 |
Қайраттың бұрынғы ойыншысы Рикардо Какау 2012-13 маусымда бас бапкер болғанда Қайрат өз тарихындағы ең үлкен жеңіс - УЕФА кубогының жеңімпазы атанды.
Клубтың негізі 1995 жылы қаланды. Еуропадағы ең мықты клубтардың бірі: УЕФА Футзал кубогының жартылай финалына соңғы алты маусымда төрт рет жеткен.
“Қайрат” 1998/99 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан Қазақстан бiрiншiлiгiнде 8 мәрте топ жарып, 8 мәрте Қазақстан кубогын жеңiп алған. УЕФА кубогына 2004 жылдан берi қатысқан “Қайрат” 2008-09 жылғы еуромаусымда УЕФА кубогының қола жүлдегерi атанды. Кезiнде “Қайраттың” намысын қорғаған Юрий Бутрин, Рикардо Какау, Этьен сынды ойыншылар Еуропа сындарында ең көп доп соққан ойыншылар. Бұлардың әрқайсысы УЕФА кубогы жолындағы жарыста қарсыластарының қақпасына он бiр голдан соқты.
2023 жылғы 26-29 қазан күндері Қайрат командасы УЕФА чемпиондар лигасының негізгі раундына қатысты. Қайрат клубы Дифферданж, Халадаш және Пальма клубтарымен 3-топқа түсті. Ойындар Пальма қаласында Palau Municipal d´Esports de Son Moix аренасында өтті.
26 қазан күні Люксембург елінің Дифферданж клубын 4:2 жеңді, 27 қазан күні венгриялық Халадаш клубымен 2:2 тең ойнап, ал 29 қазан күні испаниялық Пальма клубымен 4:3 есебімен жеңілді. Осы нәтижелермен Қайрат клубы өз тобында екінші орын алып Элиталық раундқа жолдама алды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.