Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №1015 Жарлығымен бекікілген мемлекеттік марапаты.
Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі | |
---|---|
Мемлекет | Қазақстан |
Түрі | Медаль |
Жағдайы | беріледі |
Негізделді | 24 ақпан 2015 жыл |
Medal "20 Years of the Constitution of Kazakhstan" Ортаққорда |
Тапсырылмаған медальдар мен олардың куәліктері, қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады. Жүргізілген марапаттаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі жезден жасалады.
Шеңбер диаметрі 34 мм болатын дұрыс дөңгелек нысанында болады.
Шеңбердегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдың қырлары жақтаушамен көмкерілген.
Медальдың бет жағында (аверсте) жиектің үстін бойлай отырып, «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген сөздер шығыңқы жазылған.
Аверстің ортасында дөңгелек орналасқан. Дөңгелектің ішінде, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін, «20 жыл» деген екі жол мәтіні бар, бедерлі ашық кітап орналасқан. Аверстің түсі жылтыр, бедері шығыңқы күңгірттендірілген.
Медальдың сыртқы жағының (реверстің) ортасында қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан. Реверстің төменгі бөлігінде «1995-2015» деген цифрлар жазылған. Ою-өрнек пен цифрлар астындағы бет күңгірттендірілген. Цифрлар мен ою-өрнек шығыңқы жылтыр.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі құлақша мен шығыршық арқылы, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты нысандағы тағанмен жалғанады. Таған ақ түсті төрт жолағы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл жібек лентамен қапталған. Лентаның жиектерінде әр жағынан 3 мм шегініспен ені 4 мм болатын бір-бір жолақ және олардың ортасында ені 2 мм болатын, арасы ашық екі орталық жолақ орналасады. Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.