Қазақстандағы орыстар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қазақстандағы орыстар

Орыстар Қазақстан жерінде халық саны бойынша 2-орынды алатын этникалық топ, 2019 жылдың басында елдің халық санының 19,32 % құраған(3 553 232 адам). Басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларында шоғырланған. Оңтүстік және батыс аумақтарда тек облыс орталықтарында кездеседі.

Қазақстандағы орыстар 2024ж

Тарихы

Қазақстанда орыстар көбінесе XIX—XX ғасырдағы көшіп-қонушылар мен мигранттардың, жер аударған жұмысшылар мен КСРО кезіндегі тұтқындалғандардың ұрпақтары болып табылады. Қазіргі таңда орыстар - Қазақстан жерінде қазақ емес халықтың ішіндегі ең кең тараған топ. Қазір мекен етіп жатқан орыстардың басым бөлігі Қазақстанға КОКП Орталық комитеті мен КСРО Үкіметінің шешімі бойынша көшіп келгендер болып табылады. Олар шахта жұмыстарына, тың игеруге, құрылыс жұмыстарына арнайы қоныс аударған.

XVI ғасырдан бастап қазіргі Қазақстан жерінде Ресей патшалығымен, кейін Ресей Империясымен жаңа қамалдар мен бекіністер салына бастады. Казактар бастапқыда әскери гарнизоны бар бекіністер салды, кейін отбасылар көшіп, маңында тұрғын орындар пайда бола бастады.

Ең ескі тұрақталған жер - Жайық. қалашығы (қазіргі Орал) 1520 жылы іргесін қалаған. Кейінірек Гурьев (1645), Семипалат (1718), Өскемен (1720), Павлодар (1720), Петропавловск (1752), Көкшетау (1824), Ақмола (1824), Казалинск (1848), Верный (1854), Ақтөбе (1868), Қостанай (1879) және басқа кішігірім қалалар құрылды.

Қазақстан территориясына жартылай немесе толықтай енген Ресей империясының облыстары

More information Облыс, Орыстар саны ...
Облыс Орыстар саны Пайызы Қазақтар саны Пайызы Жалпы халық саны
Ақмола 174292 25,5 % 427389 62,6 % 682608
Семипалат 65062 9,5 % 604564 88,3 % 684590
Жетісу 76839 7,8 % 794815 80,5 % 987863
Торғай 30438 6,7 % 410904 90,6 % 453416
Орал 160894 24,9 % 460173 71,2 % 645121
Close

1897 жылға халық санағы бойынша Қазақстанда 4,3 млн. адам тұрған — 4/5 қазақтар құраған (80 %-ы, яғни 3,44 млн адам). Орыстар мен украиндер 12 %-ды құрады. Столыпин саясатының салдарынан Қазақстанда орыстар мен украиндердің санының секірмелі өсуі байқалды.

1926 жылы орыстар Қазақ АКСР халық санының 19,7 %-ын құрады.

Қазақстандағы 1920 - 1930 жылдардағы аштық салдарынан халық саны 30 %-ға төмендеді.

1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін орыстардың Ресейге жылжуы басталды, олардың саны едәуір азайып, қазіргі күнге дейін жалғасуда. Бұл тек көшумен емес, Қазақстан орыстарының туу деңгейімен де байланысты.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.