From Wikipedia, the free encyclopedia
Ғарыш дəретханасы (қысқ.: АСҚ, ассенизационды-санитарлы құрылғы) — орбиталық стансада, басқарылатын ғарыш кемесінде орналасқан санитарлы-гигиеналық блок (санитарлық торап).
Басқарылатын космонавтика жаңа ғана пайда болып жатқанда, ұшулар қысқа жəне көбінесе скафандрда орындалған кезде, алғашқы қатты жəне сұйық қалдықтарды жинау құрылғысы өзінен ауыстырылатын гигроскопиялық аралығы бар серпімді шолақ дамбал ретінде ұсынылды.
Алғашқы орбиталық стансалары «Скайлэб» пен «Салют-3ден» бастап, ғарышкерлердің гигиенасына арнап душ ескерілді[1]. Алайда, Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС), душ болған жоқ, ғарышкерлер ылғал майлықтармен, əлде сықпаға оралған сабын мен шүмектен алынған су арқылы шомылды. Экипаждарға суды үнемдеу үшін оңай шайылатын сусабын мен жеуге жарамды тіс пастасы берілді[2].
Салмақсыздық кезінде орбиталық стансада желдеткішті-сіңімді системаны қолдану қажет. Ол система - адамның тіршілік əрекеттерін ауа ағынымен ұшырады.
ХҒСда үш санитарлық торап орналасқан, оның біреуі «Звезда» модулінде, екіншісі — «Спокойствие» модулінде, үшіншісі — тасымалды, оның екеуі Ресейде шығарылған[3][4][5].
«Спокойствие» модуліндегі дəретхана ресейлік модуль «Звездада» орнатылған дəретханаға ұқсас. Оның айырмашылығы - ғарышкерлердің зəрі мен терісінен ішуге жарамсыз суды регенерациялайтын американдық қосалқы жүйесімен жабдықталуы болған[6]. Ұшыру мен түйістіруге жобаланған «Наука» ресейлік көпмақсатты зертханалық модулі жаңа ғарыш санитарлық торабымен жабдықталады деп есептелінген.
Ғарыш дəретханалары ресми түрде «Waste and Hygiene Compartments» атауымен аталады. Сіңгеннен кейін барлық қалдықтар оттегі мен суға бөлінеді, адамның сұйық қалдықтарын құрайтын заттар орбиталық стансасының жабық цикліне жіберіледі.
Орбиталық стансадағы унитаз ерлерге де, əйелдерге де арналған, оның түр-əлпеті кəдімгі дəретхананықы сияқты, бірақ оның кейбір конструктивті айырмашылықтары бар. Унитаз аяққа арналған фиксаторлар мен жамбас ұстағышымен жабдықталған, оған қуатты ауа сорғышы орнатылған.
Ғарышкер өзін дəретхана отырғышына арнайы серіппелі бекіткішпен көктейді, одан кейін қуатты желдеткішті қосады жəне сіңіргіш тесікті ашады. Ол жаққа ауа ағынымен барлық қалдықтар ұшырылады.
Дəретханаларда судың орнына вакуум қолданылады. Қатты қалдықтар арнайы торлы пластикалық қаптарға жиналады, олар біраз уақыт 20-литрлі алюминий контейнерлерінде сақталады.
Толған контейнерлер əрі қарай утилизациялау үшін «Прогресс» транспортты жүк кемесіне (ТЖК) ауыстырылып салынады[7].
Сіңілгеннен кейін сұйық қалдықтар арнайы қондырмасы бар құбыршекпен жиналады, одан кейін ол регенерация системасына жіберіледі. Регенерация системасы қалдықтарды ішуге жарамды суға дейін қалпына қайтарады. Ол суды станцияның техникалық контурында қолданады.
ХҒСда дəретханадан шыққан ауа тұрғын үй-жайларына кірмес бұрын бактериялар мен иістерден тазартылады[8].
«Мир» ҒС əлемдік тəжиребеде алғаш рет "НИИхиммаш" системасын қолданды. Ол система сұйық қалдықтарды суға регенизациялайды[9].
Орбиталық стансалар мен ғарыш кемелеріндегі дəретханалар өзінің конструкцияларымен ерекшелінеді. Оның негізгі себебі - алғашқылардың аз уақытқа ұшуы, ал ҒС ғарыштағы орбитада көптеген жылдар бойы орналасуы.
«Шаттлда» ерлер де, əйелдер де өзінің зəрулігін тұрып ала алады. Бұл үшін унитазға жалғанатын арнайы құйғышы бар құбыршек ойлап табылды. Ғарышкер қалауынша оны отырыпта қолдана ала алады. Кəріз системасы қатты қалдықтарды сұйық қалдықтардан бөледі. Қатты қалдықтар сығымданады жəне шаттл бортында сақталады. Жерге қонғаннан кейін қалдықтар жүгі түсіріледі. Сұйық қалдықтар ашық ғарышқа тасталынады[10].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.