Шырғалжың, эстрагон жусаны, тархун (лат. Artemisia dracunculus) – астралылар тұқымдасы, жусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңіріндегі шалғынды, далалық өңірлерде өседі. Биіктігі 40 – 150 см, тамыр сабағы сүректенген. Дара немесе бірнеше тік сабақты, аз бұтақтанады, тықыр, оның өзіне тән исі болады. Жапырағы таспа не қандауыр пішінді, жиектері бүтін. Гүлі ақшыл, сарғыш жасыл түсті, гүлшоғыры — себет. Шілде — тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дәнек. Шырғалжың – дәрілік өсімдік. Жапырағының құрамында 15%-дай каротин болады. Оны көкөніс тұздағанда, консерві жасау үшін, сондай-ақ дәм-татымдық өсімдік ретінде пайдаланады.[1]
Шырғалжың | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Artemisia dracunculus L. |
Дәмдеуіш көкөніс ретінде пайдаланылатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Тағамға жапырақтары қолданылады. Моңғолия мен Оңтүстік Сібірден тараған. Қазір Франция мен Жерорта теңізі маңындағы елдерде өсіріледі. Құрамында эфир майлары, С дәрумені, минералдық және тұтқырлы заттардың болуымен ерекшеленеді. Көптеген соустарға қосады.[2]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.