![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0b/Elbe_Bad_Schandau.jpg/640px-Elbe_Bad_Schandau.jpg&w=640&q=50)
Эльба
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эльба, Лаба (нем. Elbe, чех. Labe) – Батыс Еуропадағы ірі өзендердің бірі. Чехия мен Германия жерінде. Ұзындығы 1165 км, алабының аумағы 148 мың км². Бастауын Судет тау сілемінің ең биік бөлігі – Крконоше (1602 м) тауынан алады. Жоғарғы ағысында биіктігі 70 м болатын Эльба су құламасын құрайды. Орта Еуропа жазығы арқылы ағып, Солтүстік теніздерге эстуарий (ұзындығы 100 км-дей) жасап құяды. Негізгі салалары: Йизера, Хафель (оң), Влтава, Заале (сол). Орташа жылдық су ағымы 920 м3/с; суы көктемде тасиды. Таулы бөлігі 1,5 – 2 ай, төменгі ағысы 2 – 3 апта қатады. Төменгі ағысында теңіз толысуының әсері байқалады, атырауынан жоғары Колин қ-на (Чехия) дейін кеме жүзеді. Каналдар арқылы Везер, Эмс, Рейн және Одер өзендер жүйелерімен, эстуарийі – Киль каналымен Балтық төменгі жалғастырылған. Элба бойындағы ірі қалалар: Усти (Чехия), Дрезден, Магдебург және теңіз порты – Гамбург (Германия) орналасқан. Б. Несіпқұлова [1]
Дереккөздер
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0b/Elbe_Bad_Schandau.jpg/640px-Elbe_Bad_Schandau.jpg)
<references>
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том