Рейн
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рейн[1] (нем. Rheіn, франц. Rhіn) — Батыс Еуропадағы ірі өзендердің бірі.
Рейн | |
---|---|
Рейн | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 1233 км |
Су алабының ауданы |
185 000 км² |
Су алабы | Солтүстік теңізі |
Су шығыны | 2200 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Альпі |
• Биіктігі | 2412 м |
Сағасы | Солтүстік теңізі |
• Биіктігі | 0 м |
Орналасуы | |
Рейн өзенінің картасы | |
Ел | Швейцария, Лихтенштейн, Австрия, Германия, Франция, Нидерланд |
Ортаққордағы санаты: Рейн |
Ұзындығы 1320 км, су жиналатын алабының аум. 224,4 мың км2. Өзен Швейцария Альпісінен Алдыңғы Рейн және Соңғы Рейн бастауларынан басталып, Швейцария, Лихтенштейн, Австрия, Германия, Нидерланд, Франция жерлерімен ағып өтіп, Солтүстік т-ге құяды. Негізгі салалары — Ааре, Мозель, Маас (сол), Неккар, Майн, Рур (оң). Орташа су ағымы 2500 м3/с, жылдық ағын мөлшері 79 км3. Ағысының сипатына, аңғарларының морфологиясына байланысты өзен: таулы, жоғарғы, ортаңғы Рейн және төменгі Рейн болып бөлінеді.
Рейн — Батыс Еуропадағы халықар. маңызы бар су жолы, төм. ағысында жылына 100 млн. т-дай жүк тасымалданады (күніне 650 — 700 кеме). Базель қ-на дейін (атырауынан 886 км) және Боден к-нде (66 км) кеме қатынасы бар. Рейн өз. алабындағы су жолының жалпы ұзындығы 3000 км-дей; Рона, Марна, Везер, Эмс, Эльба өзендерімен каналдар арқылы жалғасқан. Швейцария, Франция, Германия жерлерінде СЭС-тер салынған. Рейн бойында Базель (Швейцария), Страсбур (Франция), Мангейм, Майнц, Бонн, Кельн, Дюссельдорф, Дуйсбург (Германия) қ-лары; атырауында — Роттердам (Нидерланд) теңіз порты орналасқан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.