1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Кітап саудасы мен кітап басып шығару проблемалары бойынша БАҚ-да шыққан көптеген жарияланымдардың, мектепке дейінгі жәнө мектептегі оқып-үйренуге арналған балалар танымдықжәне оқу әдебиеті басылымының авторы.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
1964 жылдан - Алматы Ағаш өңдеу комбинаты ЕҚБ инженері, комсомол комитетінің хатшысы.
1971 жылдан - «Қазұйымдастырутехникасықұрылыс» жобалау институтының аға инженері.
1975 жылдан - Алматы қаласындағы Фрунзе «Союзпечать» бөлімшесінің бастығы.
1979 жылдан - Алматы облыстық кітап саудасы директорының орынбасары.
1980 жылдан - Алматы облыстық кітап саудасының директоры.
1986 жылдан - «Кітаптарды - поштамен» республикалық дүкенінің директоры.
1992 жылдан - «Алматыкітап» қалалық кітап саудасының бас директоры.
1993 жылдан - «Апматыкітап» ЖШС президенті.
2008 жылдан бері - «Апматыкітап баспасы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Қазақстанның баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығының президенті (1997 жылдан).
Кітап басып шығарушылар, полиграфистер және кітап таратушылардың
қауымдастығының құрметті президенті. Тәуелсіз мемлекеттердің кітап таратушылары қауымдастығының вице-президенті (Мәскеу қ., 2002 жылдан).
«Аруана» Іскер әйелдер қауымдастығы клубының президенті (2006 жылдан).
«¥лы Жібек жолымен» кітап және полиграфиялық жәрмеңкелері ұйымдастыру комитеті төрағасының ұйымдастырушысы (2001 жылдан).
Алматы қаласы Совет аудандық Халық депутаттары кеңесінің 17-19 шақырылымдарының депутаты.
Экономика саласындағы екіжақты ұтымды ынтымақтастықты нығайтуға қосқан көрнекті еңбектері үшін «Ұлттар достығы» орденімен (Германия, 2008);
«Ерен еңбегі үшін» (1970) медалімен
«Баспа және кітап ісі саласының Маршалы» символдық атағы берілген болып есептелінетін Францияның Өнеркәсіпке қолдау көрсету қауымдастығының (SPI) Наполеон алтын медалімен (2003);
Баспа және кітап ісінің стратегиялық менеджментіне қосқан өлшеусіз жеке үлесі үшін Өнеркәсіпке қолдау көрсету қауымдастығының (SPI) төске тағылатын «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» (2005) құрмет белгілерімен (Франция, 2002)
Қазақстан Журналистика академиясының «Баспа ісін дамытуға сіңірген үлкен үлесі мен оқу әдебиетін жоғары кәсіби және полиграфиялық деңгейде шығарғаны үшін» құрмет дипломымен марапатталған (2008).
Әкесі — Әміров Нығмет (1922-1986), аудармашы болған.
Анасы — Әмірова Нәйлә Хасанқызы (1924-1987), мұғалім болған.
Тұрмыс құрған. Жұбайы — Баталов Әнуар Қасымұлы, кәсіпкер.
Ұлы — Баталов Райымбек Әнуарұлы (1970 ж. т.), «Райымбек-групп» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы;
Ұлы — Баталов Таир Әнуарұлы (1972 ж. т.), «AGRIMER>^L1JC президенті; кіші ұлы — Баталов Наиль Әнуарұлы (1980 ж. т.), «Оптовый клуб» ЖШС бөлім бастығы.[1]