From Wikipedia, the free encyclopedia
Элвин Хансен ( 23 тамыз 1887, Виборг, Оңтүстік Дакота штаты — 6 маусым 1975, Александрия, Виргиния штаты) — американдық экономист.
Элвин Хансен АҚШ-тағы Оңтүстік Дакота штатындағы Виборг қалашығында фермерлар отбасында дүниеге келген. 1914 жылы Хансен Висконсин штатының университетіне түседі. АҚШ, Ұлыбритания және Германиядағы экономикалық циклдардың салыстырмалы анализі туралы докторлық диссертациясын қорғады.1927 жылы Хансеннің «Экономикалық цикл теориясы, оның дамуы және қазіргі жағдайы» атты тұңғыш көлемді монографиясы шықты. Элвин Хансен осы еңбекте циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден, артып кетуі, бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағымының кешеуілдеуі деп түсіндіреді. Хансен циклды патологиялық жағдай ретінде қарастыруға болмайды деді. Ол қазіргі динамикалық экономикаға шын берілген деді. Циклдардың неоклассикалық теориясы осыдан мынадай тұжырым жасады: қаншалықты цикл капиталистік экономиканы іштей дамытушы болмасын, бірақ енді оны реттеу үшін бір ғана рыноктың “көрінбейтін қолы” жеткіліксіз, ол үшін мемлекеттік саясаттың антициклдық бағдарламасы қажет деді. Хансен сенімді кейнсиандық және оның жаңа тұжырымдамаларына берілген қорғаушысы ретінде “америкалық Кейнс” атағын алды. Хансен 20 жыл бойы жоғары әкімдер мен көрнекті ғалымдардың нағыз мектебі болған Гарвардта, аспиранттардың теориялық семинарларын жүргізді. Семинарға болашақ Нобель сыйлығының лауреаттары Самуэльсон, Тобин, экономикалық динамика теоретиктері Е. Домар, Дж. Гэльбрейт қатысты. Осы семинарда П.Самуэльсон бірінші рет мультипликатор мен акселераторды біріктіру принципінің үлгісі (моделі) туралы баяндамамен, ал Домар өсудің новаторлық үлгілердің авторы ретінде қатысты.
Америкалық Кейнс– Хансен алтыдан аса монографиясында (“Салық саясаты және экономикалық циклдар”, “Ақша теориясы және қаржы саясаты” және т.б.) Кейнстің ілімімен байланысты жаңа теориялық доктринаны кеңінен танымал етті. Оның тілі – фактілердің, кескіндердің, кестелердің тілі болды, сол арқылы оқырмандарын қажетті қорытындылар жасай білуге үйретті. Хансеннің еңбегі арқасында, Кейнс отаны Ұлыбританиға қарағанда, АҚШ-ты “неғұрлым кейнсиандық елге” айналдырды деп тұжырымдайды. Ол Рузвельт өкіметінің аса көрнекті теоретигі болды, “Толық жұмыспен қамтылушлық күресін” басқарды, соның нәтижесінде “Жұмыспен қамту туралы акт” (1946) қабылданды, сөйтіп АҚШ үкіметі жұмыссыздыққа қарсы күресті бірінші кезекті міндетке айналдырды.
Хансен кейнсиандықты аса ірі таратушысы ретінде Кейнс бойынша жолсерік (1953) еңбегінде “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясына” толық түсінік берді. Бірмезгілде, ол аса көрнекті теоретик — экономимст ретінде, белсенді макроэкономикалық саясатты жалғаушысы болып саналды. Самуэльсон айтқандай, Хансен табыстарды анықтау теориясы мен тұтастай макроэкономикаға бірдей үлес қосты.
Кейнсиандық циклдің тұжырымдамасының авторы ретінде, оның Экономикалық цикл және ұлттық табыс (1957) атты іргелі монографиясы Э. Хансенге әлемдік атақ әкелді. Хансен құрған мемлекеттің экономикаға араласуының неокейнсиандық бағдарламасы меншікке тиіспей, тек қана айналым мен табыстарды бөлу алаңын қарады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.