From Wikipedia, the free encyclopedia
Эвбея (гр. Εύβοια) — Грекиядағы Эгей теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу орналасқан арал, Грекияға қарайды. Балқан түбегінің шығыс жағалауы бойымен 170 км-ге созылған. Құрлықпен көпір арқылы жалғастырылған. Аумағы 3,9 мың км². Жағалары тік жарқабақты, саяз қойнаулы. Негізінен әктастан түзілген. Жер бедерінде тектоникалық қазаншұңқырлар үстінде қалыптасқан жағалау және ішкі жазықтармен бөлінген үстірттер басым. Ең биік жері Дирфис тауы (биіктігі 1743 м). Жерортатеңіздік бұталар мен орман өседі. Егін (бидай, жүзім) және зәйтүн бағы өсіріледі. Басты қаласы – Халкис.[1]
Эвбея гр. Εύβοια | |
Халкида | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 3661,637 км² |
Ең биік нүктесі | 1743 м |
Тұрғындар (2001 жыл) | 193 720 адам |
Халық тығыздығы | 52,905 адам/км² |
Орналасуы | |
38°30′00″ с. е. 24°00′00″ ш. б.38.50000° с. е. 24.00000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Эгей теңізі |
Ел | Грекия |
Аймақ | Орталық Грекия |
Эвбея Ортаққорда |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.