Шырылдауық шегіртке
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шырылдауық шегірткелер (лат. Gryllidae) ызылдақ шегірткелермен бірге ұзынмұртты тікқанаттылар тобына жатады. Аталмыш тұқымдастардың мұрттары өте ұзын болғандықтан (шырылдауықтарда олар дене ұзындығынан кем емес) осылай аталған. Шырылдауықтың қанаты тыныштық күйінде арқасында көлденең айқасып тұрады, ал екінші жұбы толық жетілмеген немесе мүлдем болмайды. Аталықтардың топшысында осы ретпен құрылған шырылдау мүшелері орналасқан, бірақ көлемі жағынан күрделілеу. Бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені көптеген шырылдауықтар ызылдақтарға қарағанда, кең дауысқа ие, ал олардың әндері мол. Әртүрлі жағдайларда шырқайтын олардың өз әндері бар:
Шырылдауық шегіртке | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(лат. Gryllidae)
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Gryllidae Laicharding, 1781 | ||||||||||
Синонимдері | ||||||||||
|
Шырыдауық шегірткелер негізінен субтропиктер мен тропиктерде таралған. Еліміздің оңтүстік бөлігіндегі жабайы ормандардан дала шырылдауығын ұшырастыруға болады, ал үй шырылдауығы адамның жылы баспанасына орнығып, онымен бірге барлық жерге жайылды. Күндіз үй шырылдауықтары қараңғы оқшау тесіктерде жатқанды жөн көреді, сондықтан оларды көру мүмкін емес, есесіне түнде аталықтары өздерінің бар екендіктерін әсем әуендерімен білдіреді.
Шырылдауықтар ас қалдықтарымен қоректенеді, бірақ олар ақуызды едәуір қажетсінетіндіктен, тарақанды немесе көлемі өзінен кіші тұқымдасын жеп қоюдан бас тартпайды.
Барлық шырылдауықтардың аталықтары белгілі бір аймаққа иелік етеді және шақырылмаған қонақтармен шайқасып отырады.Бұл кезде қарсыластар бірін-бірі қазанбастарымен сүзгілеп,шайнасып қалады.
Жапония мен Қытайда шырылдауықтар от басы,ошақ қасының қорғаушысы ретінде үлкен сүйіспеншілік пен ққрметке ие.Шырылдауықтарды ежелден әсем әндері үшін ұстап,тіпті олардың арасында бәсекелер де ұйымдастырады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.