From Wikipedia, the free encyclopedia
Шток (немісше stock – баған, діңгек) – бұрыс көбінесе цилиндр пішінді, тікшіл құламалы келген шағын интрузивті дене немесе кен денелерін болмаса оның үстінде жатқан тау жыныстарын қиып өтетін тұз қабаты. Кенді Шток әртүрлі бағытта тарамдалып, жер қыртысындағы жарықтардың бір-бірімен қиылысу нүктелеріне тәуелді бола отырып, көлденеңі ондаған м, төмен қарай тік құлайтын тұтас тұлғалы кен денесі. Тұзды Шток өзін көмкерген тау жыныстарына кірігіп орналасқан ас тұзы кристалдарынан тұратын тұз күмбездерінің ядросы рөлін атқаратын діңгек пішінді дене.Шток түріндегі интрузия құрамы әртүрлі тау жыныстарында (жанартаулық, шөгінді, метаморфтық) және көптеген жарықтардың қиылысу аумағында ұшырасып, дамиды. Олар Қазақстанның Ембі мұнай кендері аумағында, Сарыарқа мен Алтайдың интрузиялық кешендерінде жиі кездеседі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.