From Wikipedia, the free encyclopedia
Ембі — Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы қала, темір жол бекеті, Ембі қалалық әкімдігі орталығы.
Қала | |
Ембі | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Әкімі |
Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
48°49′ с. е. 58°08′ ш. б.48.817° с. е. 58.133° ш. б. (G) (O) (Я) |
Қала статусы |
1967 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
12 891[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 +7(71334) |
Пошта индексі |
031300 |
Автомобиль коды |
04 |
Ембі шекарасы
|
Облыс орталығы — Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 189 км, аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан 96 км жерде, Мұғалжар тауының батысында, Жем өзенінің аңғарында орналасқан шағын қала.
1999 жылы тұрғындар саны 12345 адам (6011 ер адам және 6334 әйел адам) болса, 2009 жылы 11212 адамды (5507 ер адам және 5705 әйел адам) құрады.[2]
Іргесі 19 ғасырдың 40-жылдары қаланған, 1937 жылдан кент, 1967 жылдан бері қала.
Ембіде локомотив депосы, Ақтөбе ет комбинатының бөлімшесі, геофизикалық-геологиялық барлау экспедициясы, көлік, құрылыс, т.б. кәсіпорындар мен әртүрлі бағыттағы 7 өндірістік кооператив пен бірлестік жұмыс істейді. Қалада 5 орта мектеп, кәсіптік-техникалық колледж, мәдениет үйлері, клубтар мен кинотеатрлар, кітапхана, ауданның ауруханасы, емхана, стадион, т.б. оқу-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. 1985 жылдан А.Қ. Жұбановтың мұражайы жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.