From Wikipedia, the free encyclopedia
Шақшақай тұқымдасы (лат. Motacillidae) - Қазақстандағы 23 торғай тұқымдастардың біреуі. Шақшақай тұқымдастардың 6- 7 туысында 50-53 түр бар.
Шақшақай тұқымдасы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Buff-bellied pipit (Anthus rubescens)
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Genera | ||||||||||||
|
Шақшақай тұқымдастардың барлығы көбінесе құрлықта мекендейді. Сондай-ақ жазықтықта ашық үлескілерге және тауларда - шабындықтар, далалар, суқойма жағалары, орман шеті және ірі орман алаңдарына орайлас өмір сүреді. Жерде секектемей жүреді, тез жүгіре алады.Антарктида және кейбір мұхит аралдарынан басқа жер шарының барлығына таралған.
Бұлар - шағын денелі (20-30 г), денесі созылыңқы сымбатты құстар. Басы - кішкене, тұмсығы - жіңішке және түзу - бастың ұзындығы шамалас. Жабын қауырсындарының реңі алуан түрлі, бірақ қанық емес. Аталықтары мен аналықтарының реңі көбінесе бірдей бола бермейді. Әуендері әжептәуір қарапайым, кейбір әуелеп жүріп ұзақ сайрайтын жадырақтарда ғана өте үнді және әдемі. Ұяларын әдетте жерге салады. Кейбір түрлері қалаларда өмір сүруге бейімделіп, ұяларды тұрғын үйлердің және басқа құрылыстардың шатыры астындағы қуыстарға салады. Салындыдағы 4-6 теңбілді жұмыртқаларды көбінесе аналығы 11-12 күн басады. Балапандарды ата-енелері ұяда 12-14 күнге дейін, ұядан ұшқан соң бірнеше күн қоректендіреді. Түрлердің көпшілігі бір жазда екі рет балапан өргізіп үлгереді. Бұл құстардың барлық түрі бунақденелілермен қоректенеді, өсімдіктекті азықтарды сирек пайдаланады. Қазақстанда 2 туыстан (жадырақтар және шақшақайлар) 15 түрдің өкілдерін кездестіруге болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.