Шар ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шар ауданы — 1939–1963, 1972–1997 жылдары болған Шығыс Қазақстан және Семей облыстары құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Шар қаласы.
Аудан | |
Шар ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Енеді |
9 ауылдық округ, 3 кент, 1 қала |
Әкімшілік орталығы | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты |
1939—1963, 1972—1997 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
18 539 адам (2009) |
Шар ауданы Семей облысының құрамында 1939 жылы 16 қазанда құрылды. Аудан құрамына Жарма ауданынан Шар кенті, сондай-ақ Афанасьев, Божығұр, Кезеңсу, Кудасов, Шалабай ауылдық кеңестері және Жаңасемей ауданынан Делбегетей, Карпов, Қорғанбай ауылдық кеңестері кірді.
1945 жылы Карпов ауылдық кеңесі Киров болып өзгертілді.
1951 жылы Октябрьский кентінің негізі қаланды.
1954 жылы Қорғанбай ауылдық кеңесі жойылды.
1957 жылы Кудасов ауылдық кеңесі Шалабай ауылдық кеңесіне қосылды. Мұрат және Жаңабәжен ауылдық кеңестері таратылған Жаңасемей ауданынан Шар ауданына берілді.
1962 жылы Афанасьев ауылдық кеңесі жойылды. Бақыршық кенті мен Бақыршық кенттік кеңесі құрылды.
1963 жылы 10 қаңтарда Шар ауданының орнына Шар өнеркәсіптік ауданы құрылып, оның құрамына Шар қаласы, Ақжал, Бақыршық, Бөке және Октябрьский кенттері кірді. Сол жылы 1 қарашада Жаңғызтөбе кенттік кеңесі Жарма ауданынан Шар өнеркәсіптік ауданына берілді.
1964 жылы 12 мамырда Киров ауылдық кеңесі Суықбұлақ кенттік кеңесі болып қайта құрылды. Сол жылы 31 желтоқсанда Шар өнеркәсіптік ауданы таратылып, Жарма ауданына қосылды.
1972 жылы 10 наурызда Шар ауданы қалпына келтірілді. Жарма ауданынан оған Шар қаласы, Әуезов, Октябрьский, Суықбұлақ кенттері, сондай-ақ Белтерек, Божығұр, Делбегетей, Қарасу және Шалабай ауылдық кеңестері берілді. Сол жылы Жайма ауылдық кеңесі құрылды.
1977 жылы Терістаңбалы ауылдық кеңесі, 1979 жылы Көшек ауылдық кеңесі құрылды.
1994 жылы Чалабай ауылдық кеңесінің орысша транскрипциясы Шалабай ауылдық кеңесі, Октябрьский кенті Еспе кенті болып өзгертілді.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Шар ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді.
1997 жылы 23 мамырда Шар ауданы жойылып, оның аумағы Жарма ауданына берілді.
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 1 қалалық, 3 кенттік, 9 ауылдық кеңес пен 34 елді мекен болған:[1]
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері |
---|---|---|
Әуезов кенттік кеңесі | Әуезов кенті | Әуезов, Солнечное |
Белтерек ауылдық кеңесі | Белтерек ауылы | Балықтыкөл, Белтерек, 8-ші Март, Қарашоқы, Скотоимпорт |
Божығұр ауылдық кеңесі | Шар қаласы | Қараш, Перьятинка, Подхоз, Покровка, Троицкое |
Делбегетей ауылдық кеңесі | Громовка ауылы | Громовка, Карповка, Суықбұлақ |
Жайма ауылдық кеңесі | Жайма ауылы | Жайма, Қорғанбай |
Кезеңсу ауылдық кеңесі | Кезеңсу ауылы | Кезеңсу, Қызылжетек |
Көшек ауылдық кеңесі | Көшек ауылы | Көшек |
Қарасу ауылдық кеңесі | Кіші Қарасу ауылы | Асқаралы, Кіші Қарасу |
Октябрь кенттік кеңесі | Октябрь кенті | Октябрь |
Суықбұлақ кенттік кеңесі | Суықбұлақ кенті | Делбегетей, Новотаубинка, Суықбұлақ |
Терістаңбалы ауылдық кеңесі | Терістаңбалы ауылы | Терістаңбалы |
Шалабай ауылдық кеңесі | Шалабай ауылы | Жаңаауыл, Мөртас, Остряковка, Черниговка, Шалабай |
Шар қалалық кеңесі | Шар қаласы | Суырлы, Шар |
1959 | 1979 | 1989[2] |
---|---|---|
30387 | ▲32504 | ▼31812 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.