From Wikipedia, the free encyclopedia
Хот-дог (ағылш. hot dog — дәлме-дәл: «ыстық ит») — ортасына сосиска немесе шұжық салынған сэндвич. Әдетте құрамында дәмдеуіш ретінде соус, көбінесе кетчуп және/немесе қыша. Сондай-ақ көкөністерден (жаңа піскен, маринадталған немесе қуырылған), аскөк, ірімшік немесе бекон.
Хот-догты негізінен ешқандай асханалық құралдарсыз, тек қолмен жейді.
Франкфурттық ет сатушы «Dachshund шұжықшасы» атты шұжықшалар дайындайтын. Dachshund сөзі неміс тілінен аударғанда «такса» дегенді білдіреді. Неміс эмигранты бұл шұжықшаны АҚШ-қа алып келеді. 1871 жылдан бастап ол шұжықшаларды нан тілмдеріне орап сата бастайды. Бір жыл ішінде ол осындай «Dachshund шұжықшаларының» 3684 данасын сатады. Бұл тағам түрі америкалықтардың арасында танымал болып кетеді.
1901 жылы Дарган есімді әшекейлеуші (иллюстратор) франкфурттық сатушының әдеттегі нан тілімдерінің орнына жанынан кесілген бөлке нанды қолданып жүргендігін байқайды. Дарган бұл жағдайды иллюстрациялағысы келеді, алайда ол «Dachshund» сөзінің жазылуын қате есептеп, жаңа туындыға «хот-дог» деген атау береді.
1987 жылы Германияның Франкфурт қаласында хот-догтың 500 жылдығын атап өтті. Дегенмен аустриялықтар хот-догтың веналық сосикилерден шыққандығын айтып, немістермен келіспеушілік танытады.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Hot dogs |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.