From Wikipedia, the free encyclopedia
Хорезм Социалистік Кеңес Республикасы, қысқаша Хорезм СКР не ХСКР — Хорезм Халық Кеңес Республикасының (ХХКР) мұрагері. Бір жылға жуық өмір сүрді. Астанасы Хиуа қаласы болды. Республиканың аты Хорезмнің тарихи-географиялық ежелгі аймағынан шыққан. Астанадан басқа ірі қалалар Үргеніш, Ташауыз, Көнеүргеніш, Төрткөл, Нүкіс, Қожалы болды.
Хорезм Социалистік Кеңес Республикасы өзб. خارەزم ئیجتیماعیی شورالەر جۇمھۇرییەتى Xorazm ijtimoiy sho'ro jumhuriyati | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Астанасы | Хиуа | ||||||||
Ірі қалалары | Үргеніш, Хиуа, Ташауыз, Көнеүргеніш, Төрткөл, Нүкіс, Қожалы | ||||||||
Тіл(дер)і | өзбекше, орысша | ||||||||
Діні | Зайырлы мемлекет Негізгі діні — ислам | ||||||||
Ақша бірлігі | Хорезм рублі Хорезм таңғасы РКФСР рублі | ||||||||
Аумағы | 62 200 | ||||||||
Халқы | 800 мыңнан астам адам Көбіне өзбектер, қарақалпақтар, түрікмендер, қазақтар, орыстар, ирандықтар және т.б. | ||||||||
Басқару формасы | Социалистік кеңес республикасы | ||||||||
Солтүстігінде Арал теңізі шайып, батысында және оңтүстігінде Түркістан АКСР-нің Каспий бойы аймағымен, шығыста Түркістан АКСР-нің Сырдария облысымен, оңтүстік-шығысында Бұхара СКР-мен шектесті. Түркістан АКСР РКФСР құрамына кірді.
Хорезм ХСР 1923 жылы 30 қазанда өткен Кеңестердің 4-хорезмдік съезі кезінде Хорезм СКР-іне айналды. Сонымен бірге республиканың конституциясы қабылданды. Сол күні Хорезм СКР-і одақтас республика ретінде КСРО құрамына кіретіндігі жарияланды. Тура бір жылдан кейін, 1924 жылдың қазан айының соңында КСРО-да ұлттық-аумақтық межелеу басталып, 27 қазанда Хорезм КСР-і жойылып, оның аумағы ұлт негізде жаңадан құрылған республикалар - Өзбек КСР-не (Хорезм СКР жерінің 9%-ы), Түрікмен КСР (81%) бөлінді, сондай-ақ Қазақ АКСР құрамындағы Қарақалпақ АО (10%) кірді, ол өз кезегінде РКФСР құрамында болды.
Республикадағы басқарушы партия Хорезм коммунистік партиясы болды, оның өзінің қарулы күштері болды. Өз валютасы - Хорезм рублі болған. Сондай-ақ республикада РКФСР (Совзнаки) және КСРО рублдері, сондай-ақ Хорезм таңғасы қоса алғанда қозғалыста болды. Республика экономикасының негізін ауылшаруашылығы (негізінен көкөністер мен жемістер, күріш, мақта және бидай өсіру), жібек шаруашылығы, мал шаруашылығы (соның ішінде қаракөл шаруашылығы), балық аулау (Арал теңізі мен Әмудария өзенінде), сондай-ақ, кілем тоқу, қыш ыдыстар мен бұйымдар жасау сияқты халықтық қолөнер кәсіптері құрады. Республика экономикасы РКФСР құрамына кірген Түркістан АКСР-інің экономикасымен тығыз байланысты болды.
Хорезм СКР-нің ресми тілдері өзбек және орыс тілдері болды. Хорезм СКР Хорезм ХСР-і сияқты, зайырлы мемлекет болды, бірақ халықтың басым көпшілігі сүннит мұсылмандары болды. Сондай-ақ, халықтың бір бөлігі христиандықты ұстанды (негізінен православие). Республикада 800 мыңға жуық адам өмір сүрді. Халықтың негізгі бөлігі өзбектер болды, сондай-ақ қарақалпақтар, түрікмендер мен қазақтардың едәуір бөлігі өмір сүрді. Орыстар, ирандықтар және басқа ұлт өкілдері де өмір сүрді.
Хорезм СКР өзбек, түрікмен және қырғыз-қарақалпақ - 3 автономиялы облыстарға бөлінді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.