From Wikipedia, the free encyclopedia
Хоббит (ағылш. Hobbit) – ойдан шығарылған халық, Жерорта жерінде тұрады. Олар Джон Рональд Руэл Толкинның ойынан туған кейіпкерлер. Хоббит - Толкиннің "Сақиналар әміршісі" трилогиясында, "Хоббит немесе барып, кері қайту" атты ертегісінде және басқа да Жерорта туралы шығармаларындағы басты кейіпкерлері.
«hob» сөзі ескі ағылшын тілінде кіші, тентек эльф немесе перизат деген мағынаны береді, сонымен қатар, орман перісі Пэк-қа қатысты болды. (сонымен қатар Хобыжықтар қараңыз). Кейбір оқырмандар «hobbit» сөзін ағылшынның «rabbit» («қоян») сөзімен байланыстырған немесе «лат. homo» + «rabbit», яғни, «қоян-адам». Бірақ та оқырмандарына жазған хатта Толкин бұны теріске шығарды.[1]
"Сақиналар Әміршісіне" арналған қосымшаларда Жерорта бойынша хоббиттердің атаулары бар. Соларға сүйінетін болсақ хоббит сөзі Рохан тіліндегі holbytla сөзінен шыққан. («ін салушы», «hole builder»). Адамдар оларды "ергежейлілер" деп, ал эльфтер "периандар" деп атады. «Хоббиттер» — бір халықтың атауы, сөздің пайда болуын хоббиттердің өздері де ұмытқан.
Толкиннің жазуы бойынша, "хоббит" сөзі Жерортада мүлдем болмаған. Ол бұл сөзді Вестрон тілінен ағылшыншаға аударған. Түпкі нұсқасында «kuduk» деп оқылады, ежелгі «kud-dukan» сөзінен шыққан.
Хоббиттер – өте кішкентай халық, олардың бойы адамның бойының жартысына тең, фут (90 см шамамен). Оларды "ергежейлілер" деп те атайды. [2] (ағылш. Halflings)[3] "Ергежейлілер" сөзін тек қана Толкин емес, сонымен қатар, басқа да жазушылар қолданған. Гномдарға қарағанда, хоббиттердің көпшілігінде сақалдары жоқ. (Хват тайпасынан басқаларында). Хоббиттердің көпшілігі толық болып келеді (тамақтану тәртібіне байланысты), өте жарқын киінеді, (негізінен, жасыл және сары түстер), аяқ киім кимейді, өйткені табиғатынан аяқтарының терісі қатты, қалың және бұйра түк басқан болып келеді. Шаштары қалың, бұйра. Саусақтары өте ұзын, беттері жадыраңқы, жарқын, күлкілері де шынайы, табиғи болып келеді (әсіресе күніне екі рет болатын түскі астан кейін). Шир ауданын мекен етеді.
"Сақиналар Әміршісі" кітабының алғы сөзінде хоббиттердің үш көне тайпасы туралы айтылады, бірақ бұлар бірге бір жерде араласып өмір сүреді.
Хоббиттер жер астында орналасқан апандарда немесе жер бетінде орналасқан үйлерде өмір сүреді. Бай хоббиттердің апандары жақсы жабдықталған: еденнің беті кілеммен жабылған плиткалардан тұрады, ал жары ағаш панельдермен көмкерілген. Есіктері мен терезелері кәдімгі апандағыдай дөңгелек, тұтқалары ортасында орналасқан, ал жақтаулары хоббиттердің ұнататын түстері: жасыл және сары түстерге боялған (егжей-тегжейлі Бильбо Бэггинстің апанын сипаттауында жазылған). Хоббиттерде қалалар жоқ, олар үлкенді-кішілі ауылдарда тұрады.
Хоббиттер ауыл шаруашылығымен айналысады. Негізінен арпа, темекі, жүзім өсіретіндері белгілі. Сонымен қатар, дәнді-дақылдар мен көкөністер де өсіріледі. Өте жақсы сыра қайнатады, Жерортадағы ең жақсы трубкалық темекінің сортын да жасайды. Механикалық құрлығыларды онша ұната бермейді, бірақ та арба жасайды, жел диірменін тұрғызады және шаруашылыққа, күнделікті өмірге қажетті құрал-саймандарды өздері жасайды. Жолдар мен көпірлер тұрғызады, трактирлерде демалады.
Хоббиттер қонақтарды қатты жақсы көреді, сол себепті барлық апандардың кіреберістері өте ұзын болып келеді және жарларында киім ілгіштер мен сөрелер, қолшатыр қойғыштар орналасқан. Сондай-ақ хоббиттер тамақтанғанды жақсы көреді, олар күніне алты мезгіл тамақатана алады. Олар Толкин секілді трубка тартқанды ұнатады. Хоббиттер шежіремен қатты шұғылданады (оларды қызықтыратын жалғыз ғылым да осы болып табылады). Сондай-ақ олар бақ шаруашылығын да жақсы көреді, және бау-бақшаларда ұзақ уақыт жұмыс істеуге дайын.
Хоббиттер тыныш та бір қалыпты өмірді ұстанады, қауіпті шытырман оқиғаларды айналып өтуге тырысады және де өз елдерінен ешқайда шықпайды. «Хоббит немесе барып, кері қайту» кітабында «дұрыс, түзеу хоббиттің арқауы» ретінде қарастыруға болатын Бильбо Беггинстің сөзін келтіреді:
Біз қарапайым бейбітшіл халықпыз, шытырман оқиғаларды кажетсінбейміз. Бр-р-р, олардан тек қана әбігерлік пен жайсыздыққа түсуден басқа ештеңе күтуге болмайды! Және түскі асқа да солардың кесірінен кешігесің! |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.