From Wikipedia, the free encyclopedia
Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин (1925-1986) 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған.
Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин | |||||
Туған күні | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған жері |
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосы | ||||
Қайтыс болған күні | |||||
Азаматтығы | |||||
Мансабы |
жазушы | ||||
Марапаттары |
|
Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан.
Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951 – 1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді.
1943 ж. әскер қатарына алынып, Моңғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958-1962 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, 1962-1965 ж. "Коммунизм туги" газетінде бөлім меңгерушісі, 1955-1958, 1965-1980 ж. Қазақстан жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болған.[1]
Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды.
Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.
«Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.