![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e1/Henrik_larsson_snorsjoabalen_2007_1.jpg/640px-Henrik_larsson_snorsjoabalen_2007_1.jpg&w=640&q=50)
Хенрик Ларссон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хенрик Эдвард Ларссон (швед. Henrik Edward Larsson; 20 қыркүйек 1971[1], Хельсингборг, Швеция) — швед футболшысы, шабуылшы.
Футболшы жайлы фактілер
- Шотландияның "Селтик" және Испанияның "Барселона" клубтарында ойнаған жылдары көпке танымал болған. Швеция Ұлттық футбол құрамасында 15 жыл бойы өнер көрсетті. 2002 жылғы әлем біріншілігінде Швеция 1/8 финалдан аса алмады да, Ларссон құрамамен қоштасты. Бірақ кейін жалпы көпшіліктің өтінішін жерге тастай алмай, құрамаға қайта оралды да, 2009 жылға дейін ойнады.
- 1994, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысып, үшеуінде де гол соқты. 1994 жылғы әлем біріншігінің үшінші орын үшін кездеуінде Болгарияның қақпасына бір гол соқты да, команданың жеңісіне (4:0) өз үлесін қосты.
- 2006 жылғы Чемпиондар Лигасының финалында "Барселона" 0:1 есебімен "Арсеналдан" ұтылып жатқанда Ларссон екі рет нәтижелі пас шығарды.
- Футбол ойнауды доғарған соң бапкерлікпен айналысып, 2014-16 жылдары туған клубы "Хельсинборгты" жаттықтырды. Бірақ 2016 жылы команда жоғары лигадан түсіп қалды да, Ларссон сол себепті қызметтен кетті.
Жетістіктері
Командалық
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Хенрик Ларссон ![]() | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
![]() | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Хенрик Эдвард Ларссон | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні |
20 қыркүйек 1971 (1971-09-20) (52 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Хельсингборг, Швеция | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
177 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Close
«Фейеноорд»
- Нидерланд кубогы (2): 1993/94, 1994/95
«Селтик»
- Шотландия чемпионы (4): 1997/98, 2000/01, 2001/02, 2003/04
- Шотландия лигасының кубогы (2): 1997/98, 2000/01
- Шотландия кубогы (2): 2000/01, 2003/04
«Барселона»
- Испания чемпионы (2): 2004/05, 2005/06
- Испания суперкубогы: 2006
- Чемпиондар лигасы: 2005/06
«Манчестер Юнайтед»
- Англия чемпионы: 2006/07
«Хельсингборг»
- Швеция кубогы: 2006
Швеция
- ӘЧ-1994 қола жүлдегері
Жеке
- Швеция жыл футболшысы (2): 1998, 2004
- Шотландия чемпионатының үздік мергені: 1999, 2001, 2002, 2003, 2004 годов
- «Алтын бутсы» иегері: 2001
- Швецияның соңғы 50 жыл ішіндегі үздік футболшысы: 2003
- Швецияның бүкіл тарихындағы үздік футболшысы: 2005
- ЕУРО-2004 символикалық құрамы
Дереккөздер
Сілтемелер
- Ресми сайты Мұрағатталған 30 наурыздың 2009 жылы.
- Хенрик Ларссон.
- Профилі
- Профилі