Хендрик Антон Лоренц
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хендрик Антон Лоренц (нидер. Hendrik Antoon Lorentz; 18 шiлде 1853ж., Арнем, Нидерланд — 4 ақпан 1928ж., Харлем, Нидерланд) — Нидерландық (бұрын Голландиялық) теориялық физик, 1902 жылы Питер Зееманмен бірге Зееман әсерін ашқаны және оны теориялық тұрғыда дәлелдегені үшін Физика саласындағы Нобель сыйлығының және тағы басқа марапаттардың иегері, Нидерланд патшалық ғылым академиясының (1881ж.), шетелдік ғылым академияларының және шетелдік ғылыми қоғамның мүшесі.
Хендрик Антон Лоренц | |
нидер. Hendrik Antoon Lorentz | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Харлем, Нидерланд |
Азаматтығы |
Нидерланд |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Тиммер мектебі (Арнем), |
Ғылыми дәрежесі |
Докторлық дәреже |
Альма-матер |
Лейден университеті |
Ғылыми жетекші |
Питер Рейке |
Атақты шәкірттері |
Адриан Фоккер, |
Несімен белгілі |
Классикалық электронды теорияның негізін қалаушы |
Марапаттары |
|
Ең әуелі Лоренц өзінің электродинамика мен оптикадағы жұмыстарымен әйгілі.Үздіксіз электрмагниттік өріс тұжырымдамасын заттың құрамына кіретін дискретті электр зарядтары туралы түсінікті біріктіре отырып, ол классикалық электронды теорияны құрды және оны көптеген нақты есептерді шешу үшін қолданды: электромагниттік өрістің қозғалмалы зарядына әсер ететін күш үшін өрнек алды (Лоренц күші), заттың сыну көрсеткішін оның тығыздығымен байланыстыратын формуланы шығарды (Лоренц — Лоренц формуласы), жарық дисперсиясының теориясын жасады, бірқатар магнит - оптикалық құбылыстар (атап айтқанда, Зееман әсері) мен металдардың кейбір қасиеттерін түсіндірді.Электрондық теорияға негізінде ғалым қозғалатын орталардың электродинамикасын дамытты, соның ішінде денелердің қозғалыс бағытында қысқаруы туралы гипотеза жасады (Фицджеральд — Лоренц жиырылуы - қысқаруы), "жергілікті уақыт" ұғымын енгізді, массаның жылдамдыққа тәуелділігі үшін релятивистік өрнек алды, бір-біріне қатысты қозғалатын инерциялық санақ жүйелерінде координаталар мен уақыт арасындағы қатынастарды қорытып шығарды (Лоренц түрлендірулері).Электрондық теорияға негізінде ғалым қозғалатын орталардың электродинамикасын дамытты, соның ішінде денелердің қозғалыс бағытында қысқаруы туралы гипотеза жасады (Фицджеральд — Лоренцтің қысқаруы), "жергілікті уақыт" ұғымын енгізді, массаның жылдамдыққа тәуелділігі үшін релятивистік өрнек алды, бір-біріне қатысты қозғалатын инерциялық анықтамалық жүйелерде координаттар мен уақыт арасындағы қатынастарды шығарды (Лоренц түрлендірулері). Лоренцтің жұмысы арнайы салыстырмалылық теория мен кванттық физика идеяларының қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Сонымен қатар, ол термодинамика мен газдардың кинетикалық теориясында, жалпы салыстырмалылық пен жылу сәулелену теорияларында бірқатар маңызды нәтижелер алды.