Карьерасын "Альтенесен" клубында бастап, өмірінің сегіз жылы сонда өтті. Ал кәсіпқой карьерасында тоғыз жыл бойы "Рот-Вайсс-Эссен" клубында доп тепті. Осы аралықта 100-ден аса гол соқты. 1955 жылы мемлекет чемпионатында топ жарды. Ал Ран үшін ең табысты жыл 1954 жыл. Сол жылы құрама сапында әлем чемпионы атанды. Сол кездегі ешкімнен жеңілмейтін құрамаға айналған Мажарстанның қақпасына финалда екі гол соқты. Жалпы, екі әлем чемпионатында 10 гол соққан мерген футболшы.
ГФР чемпионы 1955
ГФР кубогы 1953
ГФР-дың күміс жүлдегері: 1964
Әлем чемпионы: 1954
2003 жылы Зонке Воортманның "Берндегі ғажайып" атты фильмі экранға шықты. Фильмде Хельмут Ран басты қаһарманның бірі ретінде көрсетіледі. Хельмут Ран фильм жарыққа шығардан бірнеше апта бұрын ғана өмірден өтті.
Өзінің туған қаласы Эссендегі Георг Мельхелс стадионында Ранға арнап статуя тұрғызылған.