Корей жазуы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Корей жазуы — корейлер қолданатын әріпті буын жазуы. Корей жазуы Қытай иероглифтерінен шыққан. Қытай иероглифтерін корей сөздерін таңбалауға қолдану 6–8 ғасырларда басталды. Корей жазуының жүйеге түскен бастапқы нұсқасы 1443 жылы жасалып, 1446 жылы ресми түрде қабылданды.
Бұл бетте корей тіліндегі мәтіні қолданылған. Шығыс Азиялық жазуларды қолдаушының көмегінсіз сіз корей әріптерінің орнына сұрақ белгісін (?) немесе басқа да таңбаларды көруіңіз мүмкін. |
Хангыль (чосонгыль, корёгыль) | |
Түрі: |
буындық |
---|---|
Тілдері: | |
Шекара: | |
Шығарушы: |
Ұлы Седжонның басқауымен, ғалымдар тобы |
Кезең: |
1446 жылдан бастап |
Жазу бағыты: |
солдан оңға |
Белгілері: |
51 |
Шығу тегі: |
|
Юникод диапазоны: |
U+AC00…U+D7A3 (буындар), U+1100…U+11FF (әріптер) |
| |
Жазу жүйесі | |
Қазіргі Корей жазуында 24 графема бар, оның 10-ы дауысты, 14-і дауыссыз дыбыстарды таңбалауға арналған. Әрбір графема дыбыс жазуындағыдай тұтас сөзді емес, дербес буындарды жазуға қолданылады. Әр буынның өз лигатурасы бар. Бұл жазуды кейде «лигатуралы буын жазуы» деп те атайды. Мұнда бір сөзді жазу үшін оның құрамындағы буындарды таңбалайтын лигатуралардың басын біріктіру керек.
Бұрын Корей жазуы жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай жазылса, қазір горизонталь бағытта солдан оңға қарай Еуропа дәстүрімен жазылады.[1]