From Wikipedia, the free encyclopedia
Хамит Нұрланұлы Омаров (1953 жылы 26 наурызда Қарағанды облысы Балқаш қаласы —2020)
Қазақ. Арғын тайпасының Қуандық руының Сайдалы бөлімінен шыққан.[1]
С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін (1978) бітірген, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1970 жылдан - №21 құрылыс-монтаж поезінің ұстасы (Целиноград қаласы). 1972 жылдан - Қазақ темір жолы Қарағанды бөлімшесінің Жаңаарқа жол стансасының жол жөндеушісі. 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1978 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Алматы қаласы Октябрь аудандық комитеті оқушы жастар мен мектеп оқушылары бөлімінің нұсқаушысы. 1980 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы №12 орта кәсіптік-техникалық училищесінің өндірістік оқыту шебері, тарих, эстетика, саяси экономика оқытушысы. 1984 жылдан - «Білім» қоғамының Жаңаарқа аудандық ұйымының жауапты хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті аудандық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, партиялық есеп секторының меңгерушісі. 1991 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа аудандық Халық депутаттары кеңесінің аға референті. 1992 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті аудандық әкімшілігінің аға референті, үйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, басшы аппаратының жетекшісі. 1994 жылдан - Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы. 2007 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімі. 2010 жылдың тамызынан бері - Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы. 4 мерейтой медальдарымен марапатталған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.