From Wikipedia, the free encyclopedia
Халед Багдаш (араб.: خالد بكداش, 1912—1995) — Сирия жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
Халед Багдаш | |
араб.: خالد بكداش | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Дамаск, Сирия |
Азаматтығы | |
Білімі |
Дамаск университеті (бітірмеген), |
Діні | |
Партиясы |
Сирияның коммунистік партиясы (1930—1995) |
Негізгі идеясы | |
Мансабы |
Сирияның коммунистік партиясысының бас хатшысы (1937 ж. бастап) |
Дамаскіде аль-Мухаджирин (المهاجرين) атты күрділер тұратын ауданында туған. Сол жерде бастауыш және орта білім алды. Дамаск университетінің заң факультетінде оқып жүрген жерінен саяси жұмысшы қозғалысына қатысқаны үшін университеттен шығарылған[1] . 1930 жылдан бастап Сирия Коммунисттік Партиясының (СКП) мүшесі. 1933 жылдан СКП Орталық Комитетінің хатшысы, 1937 жылдан бастап - бас хатшысы. 1935 ж. Коминтерннің 7-ші конгресіне қатысты. 1954-58 ж. Сирия парламентінің депутаты болды.
КОКП-ның 19-шы, 20-шы съездеріне, 1957 ж. Коммунистікжәне жұмысшы партиялары өкілдерінің Мәскеуде өткен кеңестеріне Сирия, Ливан КП делегациясын және КОКП-ның 21-ші, 22-ші съездеріне, 1960, 1969 ж. Мәскеу кеңестеріне Сирия КП делегациясын бастап келді.
Багдаш - бірсыпыра теориялық және публицистикалық еңбектердің авторы. "Коммунистік Партияның Манифестін" араб тіліне аударушы[2].
1995 ж. 15 шілдеде 83 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды.[3][4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.