Фрицис Адамович Розинь
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фрицис (Фридрих) Адамович Розинь (Розиньш) (латышша Fricis Roziņš;7 (19). 3. 1870, Пурмсаты болысы, қазіргі Латыш КСР-і, Лиепайск ауданы, Вирга селолық Кеңесі,— 7. 5. 1919, Глужнев ауылы, қазіргі Латыш КСР-і, Резекненск ауданы, Шпели селолық Советі, Ригада жерленген) — Латвия Компартиясының негізін қалаушылардың бірі, публицист, 1891—97 ж. Тарту университетінде оқыды, революциялық қозғалысқа қатысты. 1899 ж. Англияға эмиграцияға кетті, мұнда Латыш социал-демократтарының журналдарын ұйымдастырды және редакторы болды. Латыш социал-демократтарының жұмысшы партиясын ұйымдастыруға қатысты (1904), ОК мүшесі болды. 1905 ж. қаңтарда жасырын түрде Латвияға келіп, партиялық баспасөзге басшылық етті. РСДЖП 5-съезінің делегаты. 1908 ж. тұтқынға алынып, өмір бойы Сібірге жер аударылды. 1913 жылы қашып шығып, Америкада Латыш социал-демократтарының «Рабочий» газетін редакциялады. 1917 ж. қарашада Латвияға оралды.[1]