From Wikipedia, the free encyclopedia
Франциск, Франция ханзадасы (фр. François, Dauphin de France), сондай-ақ Франциск III, герцог Бретонский (фр. François III, duc de Bretagne; 28 ақпан 1518, Амбуаз сарайы, Франция — 10 тамыз 1536, Турнон-сюр-Рон, Франция) – патша Франциск І және Клод патшайымның үлкен ұлы және Францияның мұрагер ханзадасы.
Франциск ІІІ François III, duc de Bretagne | |||
Франциск ІІІ | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
28 ақпан 1518 — 10 тамыз 1536 | |||
Ізашары | Франциск І | ||
Ізбасары | Генрих ІІ | ||
| |||
20 шілде 1524 — 10 тамыз 1536 | |||
Тәж кигізу жорасы | 14 тамыз 1532 | ||
Ізашары | Патшайым Клод | ||
Ізбасары | Генрих ІІ | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 28 ақпан 1518 Амбуаз сарайы, Франция | ||
Қайтыс болуы | 10 тамыз 1536 (18 жас) | ||
Әкесі | Франциск І | ||
Анасы | Патшайым Клод | ||
Жұбайы | жоқ | ||
Балалары | баласыз | ||
өңдеу |
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2020-12-19, 18:12 кезінде (3 жыл бұрын) Fridolin freudenfett (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (ақпан 2016) |
Ханзада 25 сәуірде 1519 жылы Амбуазда шоқындырылды. Бұл мейрамға Франциск І Леонардо да Винчиді шақырған болатын.
1525 жылы 24 ақпанда Павиядағы шайқаста жараланған Франциск І тұтқынға алынады. Карл V бұйрығы бойынша патша алдымен Пиццигетондағы сарайға, содан соң Мадридқа көшірілді. Келіссөздер ұзаққа созылды. Тек 1526 жылдың 14 қаңтарында Франциск І шартқа қол қойды. Бұл шарт бойынша ол Карл V Бургундияны, Артуаны, Фландрию, Неапольды беру керек, Англияға жыл сайын 100 000 талер төлеу керек және Элеонораға, императордың әпкесіне үйлену қажет болды. Некелесу 1530 жылы өтті (Францисктың бірінші әйелі 1524 жылы қайтыс болған). Сондай-ақ Карл V сарайында тұтқындар ретінде патшаның екі үлкен ұлы тұруы тиіс болды. Сондықтан Франциск ІІІ және Генрих ІІ Испанияда 1526 және 1529 жылдары аралығында болды.
1536 жылдың тамызында граф Себастьяно Монтекокколи ханзадаға суық су бергеннен кейін Франциск әлсіздікті сезіне бастады. Ханзада Франциск бірнеше күннен кейін Турнон-сюр-Ронда 10 тамызда қайтыс болды.
Франциск ІІІ он сегіз жаста болды, оның жұбайы мен балалары болмағандықтан таққа оның інісі Генрих ІІ отырды.
Ханзаданың өлімі күмән тудыратындықтан, бәрі Франциск уланудан өлді деп есептеді.
Патша Франциск І оның мұрагерін Карл V бұйрығы бойынша граф Себастьяно Монтекукколи өлтіргеніне сенімді болды. Граф айыпталып, өлім жазасына кесілді. Бірақ олар алдымен оны төртбақтады, ал содан соң басын шауып тастап, мүшелерін қала қақпасына ілді.
Сонда да, қазіргі тарихшылар Франциск ІІІ уланған жоқ деп ойлайды. Олардың ойлауынша ханзада Мадридте тұрғанда туберкулезбен ауырғаннан қайтыс болды деген ойда.
Басқа нұсқасында Францсик ІІІ Екатерина Медичи өлтірді деп жазылған. Ханзада некелеспегендіктен, оның өлімі Екатеринаның күйеуіне Генрихке билікке жол беретіндіктен осындай күмән пайда болды.
Кейбірлері Франциск ІІІ мадемуазель л’Эстранжке деген махаббатынан өлді деп ойлайды.
Орысша уикипедиясынан аударылған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.