Франк Біләл Рибери (фр. Franck Henry Pierre Ribéry; 7 сәуір 1983 жыл, Булонь-сюр-Мер) - Француз футболшысы, "Фиорентина" клубының жартылай қорғаушысы.Діни көзқарастары бойынша мұсылман адам. 2012/13 жыл маусымы бойынша УЕФА үздік футболшысы атанған, чемпиондар Лигасы жеңімпазы, "Бавария" сапында Германия чемпионы[2].
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Франк Рибери |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Толық аты |
Franck Ribéry[1]
|
---|
Туған күні |
7 сәуір 1983 (1983-04-07) (41 жас)
|
---|
Туған жері |
Boulogne-sur-Mer, France
|
---|
Бойы |
170
|
---|
Позиция |
жартылай қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Фиорентина
|
---|
Номері |
7
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
- Түркия кубогының иегері: 2004/2005 жылы
- Германия чемпионы(9): 2007/2008, 2009/2010, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019
- Германия Кубогының иегері(6): 2007/2008, 2009/2010, 2012/2013, 2013/2014, 2015/2016, 2018/19
- Германия лигасының иегері: 2006/2007 жылы
- Германия суперкубогының иегері(5): 2010, 2012, 2016, 2017, 2018
- Чемпиондар лигасының иегері: 2012/2013 жылы
- Чемпиондар лигасының финалисті: 2009/2010, 2011/2012 жылдары
- «Audi Cup» жеңімпазы: 2009, 2013 жылдары
- «Telekom-Cup» жеңімпазы: 2013 жылы
Франк төрт балалы қарапайым жұмысшы отбасындағы ең үлкен бала болды. Қиындыққа толы балалалық шағында оның жалғыз ермегі футбол болған еді. 2 жаста болғанда болашақ жұлдыздың отбасы Булоньде ірі автокөлік апатына ұшырайды. Соның салдарынан Франктың жүзінде қалған іздерді кетіретін пластикалық операция жасау туралы ұсыныстар жасалған. Бірақ, Рибери «олар маған күш-қуат береді», деп операциядан бас тартқан.
Булонь-сюр-Мерде футболдағы алғашқы қадамдарын басқан Франк біраз уақыт өткен соң «Лилль» клубының академиясына қабылданады. Алайда, өзінің тәкаппар әрі ашуы басым мінезінің кесірінен оны тез арада қуып жібереді. Булоньде Рибери жергілікті әуесқой клубта футбол ойнауды жалғастырды. Өмір сүру үшін қажетті қаражат тапшылығын сезінген Рибери бір кезде коммуникациялар ісінің жұмысшысы болып істейді. 19 жасында ол бұрынғы клубы секілді әуесқой Алездің «Олимпигіне» ауысады. Жарты жылдан соң Франк 2-француз лигасында ойнаған «Брест» командасының қатарына қосылады. 2004 жылы «Бресттің» «Метцпен» жолдастық кездесуі кезінде лотарингиялық клубтың бас бапкері Жан Фернандес Рибериге назарын аударады. Көп ұзамай ол «Метцке» ауысты.
Жарты жыл ішінде Рибери «Метц» құрамында 20 ойын өткізіп, 2 доп соғып үлгерді. Оған қоса жанкүйерлердің ілтипатына бөленіп, керемет техникасы мен шапшаң әрекеттенуі үшін оны Пирестің ізбасары деп атай бастады. 2005 жылы «Метц» басшылығына Ыстанбұлдың «Галатасарайынан» Рибериді 2,5 млн. еуроға сатып алу туралы ұсыныс түседі. Бай командалар қатарынан орын алмайтын ортаңқол клуб мұндай ұсыныстан бас тартуды артық деп, ойыншыны «сары-қырмызыларға» сатып жіберді. Алайда, оның Түркиядағы жай-күйі мәз болмады. Клубтың қаржылық қиыншылықтарды бастап кешіріп жатқандығынан бейхабар Рибери, «Галатасарайдың» жалақы төлемегенінен кейін мәселені көп ұзаттырмай келісім-шартты бұзып жіберді.
Франктың футболдағы мансабы одан соң оның спорттық мағынадағы «кіндік әкесі» Жан Фернандес басқарған марсельдік «Олимпикте» жалғасын тапты. 2005/06 футбол маусымы Рибери үшін өте сәтті өтті. Алаңның кез келген жерінен қарсылас қақпасына бірдей қысым көрсете алатын жартылай қорғаушы өзін аса талантты ойыншы ретінде танытты. Марсельдің қызу қанды жанкүйерлері оған «Велодром» патшасы» деген лақап берді.
Осындай сәтті өнер көрсетулерден кейін Рибериді Франция құрамасына шақыртылуы ғажап емес. 2006 жылғы Әлем чемпионаты алдындағы жолдастық кездесуде Франктың ұлттық командадағы дебюты орын алды. Ойынның аяқталуына 15 минуттай уақыт қалғанда Зинедин Зиданды алмастырған футболшыны Раймон Доменек мундиальге баратын ойыншылардың қорытынды тізіміне енгізеді. Сол кезде Францияның БАҚ өкілдері мұны күтпеген қадам деп санаса, «Олимпиктің» хас жауы ПСЖ жанкүйерлері «Зидан намазын оқығанда серігі болуы үшін Рибериді құрама алды» деген салқын әзілдерін айтып жүрді. Бұл жерде Франк Риберидің ислам дінін қабылдағанын айта кеткен жөн. Мұндай аса жауапкершілікті талап ететін қадамды Рибери 2004 жылы болашақ жұбайы Вахиба Бельхами есімді келіншекпен танысудан кейін жасаған. Исламды мойындап, қабылдағанынан соң оған екінші Біләл деген есім берілді.
«Үш жолақтылар» сапында Франк Біләлдің діни негізде Зиданмен ізгі ықыласты қарым-қатынас орнады. «Мен құрамаға алғаш шақыртылғаным есімде. Зиданмен таныс болмауымнан, Зинедин мені қалай қабылдар екен деп уайымдаумен болдым. Мен мінажат етуге арналған бөлмеге беттегенімде онда Зиданмен кездесіп қалдым. Намазды бірге оқып болып, таныстық. Зинедин өте жақсы әрі қарапайым адам екендігі бірден көзге түсті. Мен Зиданды өзімнің ағам деп санаймын», - дейді Рибери.
Берлиннің «Олимпиаштадионында» баршаға мәлім бұзақылығынан кейін футболдағы мансабын аяқтаған Зинедин Зиданның кетуімен Франция құрамасы үшін бүтін бір дәуір аяқталды. Зидансыз ойнауды енді-енді үйреніп келе жатқан француздарда көсем ролі Рибериге мұра болып қалды.