Флективтік тілдер (лат flexioиілу, бүгілу) орыс флективные языки — морфологиялық құрылысы бойынша топтастырылған дүниежүзілік тілдердін бір тобы. Оларға тән негізгі ерекшеліктер: ішкі флексияның болуы, дыбыстық зандылыққа сай дауысты және дауыссыздардың алмасып келуі. Бұлар арқылы бір сөздің әр түрлі формалары немесе түбірі бір әртүрлі сөздер жасалады.

  • Мысалы: орыс. ломит, разламывает (о — а алмасуы); сон __ ілік септікте сна (о дыбысының жоғалуы); ар. кагаба (ол жазды) — kutiba (жазылды). Бұл сияқты өзгерістер тілдердің жалғамалы тілдерден ерекшелігін айқын көрсетеді. Флективтік тілдерге семит тілдері (араб, көнееврей, сомали т. б.) және үндіеуропалық тілдер (орыс, неміс, литва. б.) жатады. К- Типологиялык, топтастыру.[1]

Флективтік тілдер — әлем тілдерінің типологиялық белгілеріне қарай топтасуының бір түрі. Флективті тілдерге үндіеуропа, семит-хамит тілдері жатады. Ф.Шлегель түбірдің болу, болмауына орай тілдерді флективті және аффиксациялы деп екіге бөлген. Ал А.Шлейхер тілдерді 3 топқа бөліп зерттеп, флективті тілдердің екі типін (синтетик., аналитик.) көрсетеді.

Синтетик тип іштей екіге ажыратылады: 1) Ra — түбірлердің таза ішкі флексияға жататыны семит тілдері; 2) aRа — ішкі және сыртқы флексияның болуы, үндіеуропа және ежелгі тілдер жатқызылады.

Аналитик типке роман тобындағы тілдер мен ағылшын тілі жатады. Бұл тілдердің негізгі ерекшелігі — түбір флективтілігі мен жалғамалылық, көмекші сөздердің қосылуы. Америка ғалымы Э.Сепир тілдердің типологиясы туралы негізгі граммат. түсініктерді 4 топқа бөлген: 1) негіз туралы түсінік; 2) деривациялық; 3) нақтылы-реляциялық; 4) таза реляциялық түсінік. Флективті тілдердің өзіне тән белгілері сөз мағыналарының, тұлғаларының өзгеруі ішкі және сыртқы флексиялар арқылы жүзеге асады; бір аффикс бірнеше граммат. мағынада әр түрлі қызмет атқарады; бір граммат. мағына әр түрлі тұлғалармен беріледі; аффикстер (префикс, инфикс, суффикс) сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында қолданылады.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.