Фернандо Морьентес Санчес (исп. Fernando Morientes Sánchez;) — Испания құрамасының футболшысы, 1976 жылы 5 сәуірде Касерес қаласында дүниеге келген[1]. ""Реал"", "Монако", "Ливерпуль", "Валенсия", "Марсель" клубтарында жәні Испания ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.

Өмірбаяны

Quick Facts Жалпы мағлұмат, Лақап аттары ...
Фернандо Морьенте Санчес Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

El Moro (Мавр)

Туған күні

5 сәуір 1976 (1976-04-05) (48 жас)

Туған жері

Сильерос, Испания

Азаматтығы

Испания

Бойы

182

Салмағы

78

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
Испания Сонсека
1992—1993 Испания Альбасете
Клуб карьерасы[* 1]
1993—1995 Испания Альбасете 22 (5)
1995—1997 Испания Реал Сарагоса 66 (28)
1997—2005 Испания Реал Мадрид 182 (72)
2003—2004  Франция Монако 28 (10)
2005—2006 Англия Ливерпуль 41 (8)
2006—2009 Испания Валенсия 66 (19)
2009—2010 Франция Олимпик (Марсель) 12 (1)
2015 Испания Санта-Ана 3 (0)
1993—2015 Барлығы 420 (143)
Ұлттық құрамы[* 2]
1993—1994 Испания Испания-18 12 (10)
1995 Испания Испания-19 4 (4)
1995—1998 Испания Испания-20 5 (0)
1996 Испания Испания-21 13 (2)
1998—2007  Испания 47 (27)
Бапкерлік карьерасы
2012 Испания Уракан жастары
2012—2014 Испания Реал Мадрид жастары
2015—2016 Испания Фуэнлабрада
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
Close

1993 жылы 7 қарашада тұңғыш рет "Альбасете" — "Тенерифе" кездесуінде алаңға шықты. 1995 жылы "Альбасетеден" "Сарагосаға" ауысты. 1997 жылы Мадридтің "Реалына" шақырту алды да, корольдық клуб сапында әйгілі хорватиялық Давор Шукермен бірге шабуыл шебінде өнер көрсетті.

1998 жылы 25 наурызда алғаш рет Ұлттық Құрама сапында алаңға шықты. 1998, 2000, 2002 жылдары Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. "Реалға" Роналдо келген соң Морьентес көбіне қосалқы құрамда қалып кете берді. Сол себепті де келесі жылы "Реалдан" кетті.

Ол "Монако" сапында жасындай жарқылдады. УЕФА Чемпиондар Лигасының 2003-04 жылғы маусымындағы ширек финалда бұрынғы клубы "Реалға" екі рет гол соқты да, байырғы командаластарын жарыстан шығарып жіберді. 2004 жылы жазда командаға қайта шақырылғанымен, бәрібір "Реал" сапындағы Дэвид Бекхэм, Роналдо, Майкл Оуэн секілді жұлдыздардан бұған орын да босамады. Кейінгі жылдары "Ливерпуль" (2005-2006), "Валенсия" (2006-2008), "Марсел" (2008-2010) командаларында өнер көрсеткен талантты футболшы 2010 жылы 34 жасында карьерасын тәмамдады.

Жетістіктері

Командалық

  • Үш дүркін Чемпиондар Лигасының жеңімпазы — 1998, 2000, 2002
  • Екі дүркін Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы — 1998, 2002
  • Еуропа Суперкубогының иегері — 2002
  • Испания чемпионы — 2001, 2003
  • Франция чемпионы — 2009

Жеке жетістігі

  • 2003-04 жылғы Чемпиондар Лигасының үздік мергені

Дереккөздер

Сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.