From Wikipedia, the free encyclopedia
Тұжырымдау (ағылш. Inference) — берілген бір немесе бірнеше өзара байланысты алғышарт (premise) арқылы жаңа логикалық қорытынды (logical consequence) шығаратын ойлау формасы.[1]
Тұжырымдау әдетте "алғышарт" деп аталатын ой қорытуға негіз болатын пайымдардан және "логикалық қорытынды" деп аталатын алғышарттардан логикалық жолмен шығарылатын жаңа қорытынды пайымнан тұрады. Алғышарттардан қорытындыға логикалық түрде өтуді "ой қорыту" дейді. Тұжырымдау – бұрыннан бар білімдерден жаңа білімдерді қорытып шығарудың логикалық формасы. Мұндай білімдер қорытынды білімдер делінеді. ‘’Силлогизм’’ деп аталатын ең қарапайым тұжырымдау екі алғышарттан және қорытындыдан құралады. Алғышарттары екіден көп күрделі. Тұжырымдауды силлогизмдер тізбегіне бөліп қарастыруға болады. Алғышарттардан қорытындыға логикалық өту олардың арасындағы мазмұны бойынша байланысты қажет етеді. Ондай байланысы жоқ пайымдардан ой қорыту мүмкін емес.
Пайымдау барысында жаңа ақиқат білім алу үшін екі шарт орындалуы тиіс. Сонда ғана тұжырымдау ақиқат тұжырым береді және логикалық жағынан дұрыс құрылған болады. Олар:
Тұжырымдау ережелерінің қатаңдығына орай тұжырымдау демонстративті (қажетті) және демонстративті емес (шындыққа ұқсас) болып екіге бөлінеді. Демонстративті тұжырымдау алғышарттардан қорытылып шығатын, демонстративті емес тұжырымдау қорытындының алғышарттардан қорытылып шығуы ықтимал сипат алады.
Тұжырымдау ой қозғалысының бағытына орай үшке бөлінеді: индуктивтік (жекеден жалпыға қарай), дедуктивтік (жалпыдан жекеге қарай) және аналогия бойынша (жекеден жекеге қарай).
Берілген бір пайымды түрлендірудің арқасында іске асатын тұжырымдау "тіке тұжырымдау" деп аталады. Олардың төрт түрі бар: "айналдыру", "ауыстыру", "предикатқа қарсы қою", "логикалық квадрат бойынша ой тұжырым жасау". Бұлардың әрқайсысының өз логикалық ой қорыту ережелері бар. Бірнеше (екі және одан көп) пайымнан тұратын тұжырымдау орағытылған деп аталады. Орағытылған тұжырымдау ең кең тараған түріне қарапайым кесімді силлогизм жатады. Мұнда алғышарттар есебінде берілген екі кесімді пайымнан қорытылатын тұжырым да кесімді пайым болып шығады.
Силлогизмнің құрамына кіретін ұғымдарды силлогизмнің терминдері деп атайды. Олар кіші, үлкен және орташа болып үшке бөлінеді.
Кіші термин деп тұжырымның субъектісі болатын ұғым саналады, ал оны өзіне кіргізіп тұрған алғышарт "кіші алғышарт" делінеді; тұжырымның предикаты үлкен термин деп, ал оның өзінде тұтатын алғышарт "үлкен алғышарт" деп аталады; екі алғышартта да бар, бірақ тұжырымда жоқ ұғым орташа термин болады. Бұл терминдер ретіне қарай S (кішісі), P (үлкені) және M (орташасы) деген латын әріптерімен белгіленеді. Орташа термин шеткі екеуін байланыстырып, логикалық ой қорытуға жол ашады, ол болмаса ой қорыту да мүмкін емес. Қарапайым кесімді силлогизмнің өз логикалық (жалпы және айрықша) ережелері бар.
Орташа терминнің алғышарттарда алатын орнына байланысты силлогизмнің "фигуралар" деп аталатын төрт түрі, өз ретінде әр фигураның 16 модусы болады. Барлығы 64 модустың тек 19-ы ғана дұрыс ой қорытумен аяқталады, яғни логикалық ережелердің талабына сай келеді; бұлар "дұрыс модустар" деп аталады. Кесімді силлогизмдерден басқа күрделі тұжырымдаулары да болады. Мысалы, гипотетикалық тұжырымдау, т.б.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.