From Wikipedia, the free encyclopedia
Силлогизм (грекше syllogіsmos — есептеп шығару) — субъективті-предикатты жүйедегі кесімді екі пікірден жаңа үшінші тұжырым ретінде aлынатын дедуктивті ой тиянағы. Алғышарттардың ақиқаттығын мойындау олардың салдарын мойындауға әкеледі. Мәселен, “Күн жүйесіндегі планеталар күнді айналады. Жер де — планета, демек жер де күнді айналады”. Бұл силлогизмнің үлкен алғышартындағы “планеталар” термині субъект, ал “күнді айналады” — предикат болады. Кіші алғышарттағы “Жер” — субъект, “планета” — предикат. Жалпы ереже қамтылған пікірді үлкен алғышарт деп, жеке жақтары берілген пікірді кіші алғышарт деп, алғышарттардан алынған тұжырымды силлогизмнің қорытындысы дейді. Әдетте әрбір пікір субъект пен объектіден тұрады, мұны термин деп атайды. силлогизмнің әрбір терминінің меншікті аты болады. Екі алғышарт терминдерін үлкен және кіші терминдер, екеуіне де ортақ жалпы терминді орта термин деп атайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.