Түрік қарулы күштері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Түрік қарулы күштері (ТҚК) (түр. Türk Silahlı Kuvvetleri немесе TSK) — Түрік республикасының Түрік армиясынан, Түрік әскери теңіз күштерінен (оған теңіз авиациясы мен теңіз жаяу әскері кіреді) және Түрік әскери әуе күштерінен тұрады. Түрік жандармериясы және Түрік жағалау қарауылы бейбітшілік кезеңде ішкі қауіпсіздікті сақтау міндетін атқарып, түрік ішкі істер министріне бағынады. Соғыс кезінде болса олар армия мен флотқа бағынады. Екеуінің де заңдылықты қорғау және әскери міндеттері бар.
Түрік қарулы күштері Türk Silahlı Kuvvetleri | |
---|---|
Күштер тараулары | Kkbrove yeni.jpg Turkish Air Forces.gif TurkishNavySeal.gif Түрік жандармериясы Turkish Coast Guard Logo.jpg |
Басшылық | |
Түрік бас штабының басшысы | Hulusi Akar |
Әскери қызметі | |
Әскери қызмет жасы | 20 |
Әскери қызметке шақыруы | 6-дан 15 айға шейін, жағдайға байланысты |
Әскери қызметке қатынаушылар |
21,756,323 (2008 est.)[1], жасы 20-49 |
Әскери қызметке жарайтындар |
23,043,550 (2008 ж. бағалау)[1], жасы 20-49 |
Шақыруға жасы жеткендер, жыл сайын |
белгісіз |
Белсенді құрамы | 622,850 (6-ші) |
Қор құрамы | 380,000 (7-ші) |
Шығындары | |
Бюджеті | $15.936 миллиард (2006 ж. бағалау)[2] (15-ші орында) |
ЖІӨ пайызы | 3.0% (2006 ж. бағалау)[2] |
Қатысты баптар | |
Тарихы | Түркияның әскери тарихы |
2006 жылғы тамыздың 28-нен бері Түрік қарулы күштері Бас штабының басшысы болып генерал Яшар Бүйүканыт қызмет атқарып келеді.
1952 жылғы ақпанның 18-інде НАТО әскери одағының мүшелігіне қабылданғалы бері Түркия Республикасы өзінің қарулы күштерін жаппай модернизациялау бағдарламасын бастады. 1980-ші жылдардың аяғында екінші қайта құру үрдісі басталды.
Әскери қызметшілерінің жалпы саны 1 054 750 адамға[3] жететін ТҚК саны жағынан НАТО-да екінші орында (Құрама Штаттардан кейін)[3][4][5] Қазіргі кезде Кипрдың солтүстігінде 36 700 әскер орналастырылған.
Еуропалық Одақ ресмилерінің айтуынша, Түрік қарулы күштерінің Еуроодақтың әскери құрылымдарына қосылуы Еуроодақтың нағыз ғаламдық күш және супердержаваға айналуына септігін тигізеді[6]. NATO officials also state that the modern day Turkish Armed Forces are "very experienced and well-trained"[6].