Тырду – мөлшері орташа (300-400г, қанат серпімді -90 см дерлік), қауырсын жабыны қоңыр шұбар реңді құс. Ол бадырақ көзді ( сондықтан жемін түнде аулайды), кішкене дуадаққа ұқсайды. Көзі , аяғы- сары, тұмсығының түбі сары, ұшына қарай қошқыл түске ауысады.
Тынду Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Солтүстік Африкада, ОңтүстікмБатыс Азияда мекендейді. Қазақстаның оңтүстік жартысында, шөл, шөлейт және құрғақ далада өмір сүреді.
Негізінен алғанда бунақденелілермен қоректенеді, дегенмен кесірткелерді және шағын денелі кеміргіштерді де аулайды.
Суатқа ұдайы ұшып барады. Жеке жұп құрады, тек қана маусымдық жылыстау кезеңінен топтасып, жиналады.
Көбінесе шұңқырламай, топыраққа екі қоңыр шұбар жұмыртқа салады. Жұмыртқа басуға екі құс қатысады.
Қазақстанда екі туыстан бес түрдің өкілдері кездеседі.
BirdLife International (2004). Burhinus oedicnemus. 2006. IUCN Red List of Threatened Species. IUCN 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 11 мамыр 2006. Database entry includes justification for why this species is of least concern
Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев