Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы (ағылш. Secretariat of the Pacific Community) — аймақтық үкіметаралық ұйым, Океанияның 22 мемлекеті және аумағы мүше болып табылады, сонымен қатар 4 ел-бастамашы (Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Франция). ТМҚХ-ның негізгі мақсаты Тынық мұхиты халықтарының техникалық, кәсіби, ғылыми, зерттеу және олардың басқарма әлеуетін жоғарлату, сонымен қатар олардың болашақтағы дамуын және әл-ауқатын жақсарту мәселелерінде келісілген шешімдерге қол жеткізу мақсатында ақпаратпен және консультациялық көмекпен қамтамасыз ету.[1]. Ұйымның штаб-пәтері Жаңа Каледонияның әкімшілік орталығы Нумеа қаласында орналасқан.
Тарихы
ТМҚХ байрағы | |
Штаб-пәтері | Нумеа, Жаңа Каледония |
Негізделді | 1947 |
Ресми сайт | http://www.spc.int/ |
Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы 1947 жылы Оңтүстік тынық мұхит комиссиясы (ағылш. South Pacific Commission) ретінде осы аймақта өз мүдделері бар 6 мемлекетпен негізделді: Австралиямен, Ұлыбританиямен, Нидерландымен, Жаңа Зеландиямен, АҚШ-пен, Франциямен.
ТМҚХ-ның құрылтай құжаты Канберра шарты болып табылады.
Ұйым мүшелері
Тынық мұхит аралдарына қызығушылықтың төмендеуі немесе оңтүстік тынық мұхит елдеріне басқа салаларда көмек көрсету ықыласына байланысты ТМҚХ-ның екі мемлекет-бастамашысы ұйымнан шықты: Ұлыбритания (1995—1998 және 2005) және Нидерланд (1962 жылы).
1969 жылға дейін ТМҚХ Нидерланд Ост-Үндістанның (қазір Ириан-Джая) мүддесіне өкілдік етті, бірақ Индонезиямен аннексияланғаннан кейін, бұл аумақ ұйым мүшесі ретінде болуды тоқтатты.
Негіздеуші елдер | |||
---|---|---|---|
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Тынық мұхит елдері мен аумақтары | |||
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |
![]() |
Дереккөздер
- Associated Press Role of SPC. Тексерілді, 2007-15-06.