From Wikipedia, the free encyclopedia
Тоска́на (итал. Toscana, лат. T(h)uscia, Hetruria) — Италияның облысы (ауданы). Облыс астанасы — Флоренция. Территориясы — 22,990 км², Халқы — 3 516 296 адам.
Солтүстік-батысында Тоскана Лигуриямен, солтүстігінде Эмилия-Романьямен, шығысында Маркемен және Умбриямен, оңтүстігінде Лациомен шектеседі. Батысында 320 км жағалауын Тиррен теңізі алып жатыр. Территориясының үштен екісі дөңді және бір ширегі таулы. Тек 8,4 % территориясы жазық дала, Арно өзенінің тұсында.
Негізгі таулы жүйесі - Апеннин таулары, олар Тоскананы солтүстігінде және шығысында қоршап жатыр. Басқа маңызды рельефтері - Масса-Каррара және Лукка провинцияларындағы Апуандық Альпі тауы. Бұл жақта танымал каррарлық мәрмәрді және циполинді өндіреді. Аудан ортасындағы Металды дөңдер; Пиза мен Лукканың арасындағы Пиза таулары; Амиата тауы, ескі сөнген жанартау және Флоренция провинциясындағы Пратоманьо.
Тоскана 10 провинцияға бөлінеді:
Провинция | Астанасы | Жер аумағы (км²) | Халқы |
---|---|---|---|
Ареццо | Ареццо | 3 232 | 345 547 |
Гроссето | Гроссето | 4 504 | 225 142 |
Ливорно | Ливорно | 1 218 | 340 387 |
Лукка | Лукка | 1 773 | 389 495 |
Масса-Каррара | Масса | 1 157 | 203 449 |
Пиза | Пиза | 2 448 | 409 251 |
Пистойя | Пистойя | 965 | 289 886 |
Прато | Прато | 365 | 246 307 |
Сиена | Сиена | 3 281 | 268 706 |
Флоренция | Флоренция | 3 514 | 983 073 |
Үлгі:Тоскана мемлекеттері
Ауданның этрустарға дейінгі тарихы сол уақыттың Грекияның тарихымен байланысты. Б.з.б. 2-ші мыңжылдықтың (1350—1150 б.з.б.) екінші жартысына дейін, Тоскана ауданында Эгей теңізінің миной өркениетімен сауда жасасқан, Апеннин мәдениетінің халқы өмір сүрген. Содан кейін Виллан мәдениеті (1100—800 б.з.б.) гүлденді, бірақ Этрускалардың өркениетінің өркенденуінен, болмаса келуінен бітті.
Этрускалар солтүстік Италиядағы бірінші ірі өркениет болды. Олар көлік инфрақұрылымын құрды, кен жұмысы мен егін шаруашылын нығайттып, жарқын өнер туындыларын салды. Этрускаладың бұл жерлерде тарихқа дейінгі уақыттардан бері тұрғанын немесе басқа елден шыққанын ғалымдар білмейді. Өркениет б.з.б. VII ғасырда Арно және Тибр өзендерінің арасындағы территорияларда өсіп, б.з.б. VI ғасырда мықты мемлекет болып, кейін өз мұрасын және территориясын III ғасырда римдіктерге қалдырды. Римдіктер этрускалардың өркениетін жоймай, өзіне ассимиляциялады.
Тоскана - италияндық қайта өрлеу дәуірінің басталған жері және оның көркемөнері өзіне сәулет-өнерді, сурет өнерін және мүсіндеуді оның бүкіл ауданның мұражайындағы көптеген туындылары, соның ішіндегі ең танымалдары - Флоренциядағы "Уффици және Барджелло кіреді. Тоскана Леонардо Да Винчи, Микеланджело және Данте Алигьеридің (итальян тілінің әкесі) Отаны. Ежелгі тоскандық патрициандық Ингирами әулеті әлемге үш атақты ғалымды сыйлады, олар: Джованни, Франческо және Томмазо Ингирами.
Тоскана біріншіден өзінің шараптарымен, олардың ішіндегі ең танымалдары - Кьянти, Брунелло ди Монтальчино, Вино Нобиле ди Монтепульчано және «супертоскандық» Sassicaia, Ornellaia, Masseto-мен белгілі. Тағы, мұнда 120 табиғи қорық бар. Ауыл шаруашылығының басқа салаларына мал өсіру (Кьянтиде) мен Лукка дөңдеріндегі зәйтүн майын өндіру жатады. Өнеркәсіптерге мотоцикл, мотороллер, ұшақтар жасау, Пратодағы тоқыма округі, Ливорнодағы мұнай химиясы объектілері және Пьомбинодағы болат зауыттары жатады. Туризм "Өнер қалаларына" (Флоренция, Пиза, Лукка, Сиена, Сан Джиминьяно) және басқа да жағалау және аралдарға (Эльба) өте маңызды. Мәрмәрді Апуандық Альпіде (Каррара) өндіреді.
Экономиканың негізгі салалары - ауыл шаруашылығы (талшын, саңырауқұлаңтар, шараптар), мал өсіру (сиыр, жылқы), тағам, химиялық, металлургиялық, тоқыма, мұнай химиясы.
Жүн өндірісінің басты аудандары Тосканада (Прато), Пьемонтеде (Бьелла) және Венецияда (Скио) орналасқан.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Tuscany |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.