Үлгі:Ынфобох Урітер

Томас Аквинат лат. Thomas Aquinas, итал. Tommaso d'Aquino;( 1225, Аквино — 1274, Рим)  - италияндық діни ойшыл. Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикалық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сенжак монастырында, кейін Париж университетінде дәріс береді. Италияға қайтып Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдар ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 жылы Парижге қайтып оралып, Құдай тану қосындысы жұмысын жалғастырады. 1274 жылы Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Философия қарама қайшылыққа ұрынған шағында, оның көмекке дінді шақыруы қажет. Фома Аквинский - теоретикалық теологияның негізін қалаушы. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп, шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі. 1879 жылы Папа Лео 13 католикалық унтер мен сименариялардағы сабақ берудің тым төмен дәрежесіне таң қалып, Фома Аквинский зерттеуді оқу бағдарламасының міндетті шартына айналдырады. Міне сол кезде ғана Мерьсе неотомистік ілім ашып, оны кейінгі шәкірттері томизмді жаңаша ағымдар - феноменология мен экзистенциализммен біріктіруге тырысқан.Ол мемлекеттің жағымды рөлін мойындады, оған құдайдың еркін жүзеге асырушы деп бағалады. Рухани және зайырлы биліктердің арақатынасын жан мен тәннің арақатынасы ретінде қарастырды. Бірақ, рухани билік (шіркеу) мемл. биліктен жоғары тұрғанда ғана шіркеу мен мемл. қатар өмір сүріп, өзара әрекеттесе алады деген пікірінен танбады. Әйтсе де, оның көптеген пікірлері Аристотельдің саяси ойларымен үндесіп жатыр. Мысалы Аквинский мемлекеттік биліктің дербес, табиғи жолмен қалыптасуын жақтады, оған діндарлардың араласуына қарсы шықты. Әсіресе, Аквинский әрқылы басқару пішімдерінің — монархияның, аристократия мен демократияның лайықты “таза” пішімдерін бойына жинақтаған мемлекетті ұлықтады. Абсолюттік монархия мен саяси монархияның ара-жігін аша түсіндіріп, монарх билігі заң шеңберінде айқындалатын соңғысын, яки, монархияның саяси түрін дәріптеді.[1][2][3]

Thumb

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.