From Wikipedia, the free encyclopedia
Тильман Валентин «Тиль» Швайгер (нем. Tilman Valentin «Til» Schweiger, немісше оқылуы ; 19 желтоқсан 1963, Фрайбург-им-Брайсгау) — неміс актёрі, режиссер, продюсер және сценарийші. Бүгінгі таңда әлемдегі ең танымал неміс актёрлерінің бірі.
Тиль Швайгер | |
нем. Til Schweiger | |
Швайгер 2022 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Тильман Валентин Швайгер |
Туған күні |
19 желтоқсан 1963 (60 жас) |
Туған жері |
Фрайбург-им-Брайсгау, Батыс Германия |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1991 — қазіргі уақыт |
IMDb | |
tilschweiger.de | |
Балалық шағын Алманияның Гиссенінде өткізген Тиль 1977 жылы отбасысымен бірге Гессен федералды аймағының Хойхельхайміне көшіп барады. Мектепті үздіктер қатарында (орташа баллы «1,6» - Алманияда бағалау керісінше, 1 – «өте жақсы», «6» - қанағаттандырарлықсыз) тәмамдайды. Германистика факультетіне оқуға түскен ол сәлден соң оқуын тастап, көңілін медицина саласына аударады. Бұдан да ештеңе шықпаған соң, театр мектебінде оқыған құрбысы Швайгерді «актерлік қабілеттерің зор» деген ниетте оның Көлндегі «Der Keller» (немісше. жертөле) театр мектебіне түсуіне септігін тигізеді. Үш жарым жылдан кейін Тиль мектепті бітіріп шығады.
1989 жылы ол Бонндағы «Контра-Крайс» (Contra-Kreis-Theater) театрына жұмысқа шақырылады.
Ал, Тиль Швайгерді әлемдік жұртшылыққа мәлім еткен «Жұмақ есігін қағу» («Knockin' on Heaven’s Door», орысша «Достучаться до небес») фильмі болды. Мұнда қатерлі кеселге шалдыққан Мартин Брест (Тиль Швайгер) пен Руди Вурлитцер (Ян Йозеф Лиферс) өмірден күдер үзіп, арты қызыққа толы Солтүстік теңізіне жасаған соңғы саяхаты баяндалады. Бұл туынды 1997 жылы немістің Deutscher Filmpreis жүлдесін ұтып алады.
1995 жылы 19 маусымда Тиль бұрынғы американдық модель Дана Карлсенге (Швайгер) үйленеді. Он жылға жуық уақыт АҚШ-та тұрмыс құрған жұбайлар 2004 жылы Гамбургке қоныс аударады. Швайгерлер төрт балалы отбасы: Валентин Флориан (1995 жылы туған), Луна Мари (1997 ж.т.), Лилли Камиль (1998 ж.т.), Эмма Тигер (2002 ж.т.). 2005 жылдан бөлек тұрады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.