From Wikipedia, the free encyclopedia
Тибет тілдері – Қытай Халық Республикасының Тибет автономиялық ауданы мен Цинхай, Сычуань, Юньнань, Гансу өлкелерін, Непал және Үндістанның кейбір жерлерін мекендеген тайпалар мен халықтар тілі. Қытай-тибет тілдері семьясына жатады. Бұл топқа тибет, джарун, маньяк, таучу, такпа, хаурпа, т.б. тілдер кіреді. Негізгі тіл саналатын тибет тілі шығыс, орталық, батыс диалектілеріне бөлінеді. Бұл тілде көптеген әдеби мұра сақталған. Жазуы 7 ғасырда үнді жазуы негізінде қалыптасқан. Алғашқыда әр белгі бір дауыссызды белгілеген: қазір екі не үш дауыссыз жоғарыдан төмен қарай орналасу арқылы бірге жазылады (лигатур); әдеби тілінде көне орфография қолданылады. Музыкалы екпіннің шығуына, екпінсіз буындағы дауыстылардың редукциялануына байланысты көп буынды сөздер бір буындыға айналған. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.