![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/c/cf/%25D0%25A2%25D0%25B5%25D0%25B3%25D0%25B5%25D0%25BD%25D0%25B5.jpg/640px-%25D0%25A2%25D0%25B5%25D0%25B3%25D0%25B5%25D0%25BD%25D0%25B5.jpg&w=640&q=50)
Тегене
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тегене – үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/c/cf/%D0%A2%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B5.jpg/640px-%D0%A2%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B5.jpg)
Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10-15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады.[1]